ҚДСҰО және БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ)  Өзара түсіністік туралы меморандум жасасты

ҚДСҰО және БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Өзара түсіністік туралы меморандум жасасты

АМСК жөніндегі Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған Жаһандық конференция шеңберінде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасында Тамақтану саласындағы серіктестік және әлеуетті өсіру бойынша өңірлік тұғырнаманы қалыптастыру және енгізу арқылы Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ қосалқы аймағында ана мен баланың тамақтануын жақсартуға септесу туралы Өзара түсіністік меморандумы жасалды.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы атынан Меморандумға мекеме директоры Уалихан Ахметов, ЮНИСЕФ атынан Еуропа және Орталық Азия бойынша Өңірлік директор Афшан Хан қол қойды.

Меморандум жасаудағы мақсат - Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ қосалқы аймағында ана мен баланың тамақтануын жақсартуға септесу.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директоры Уалихан Ахметов қоғамдық денсаулықты оңтайлы тамақтанусыз сақтау және нығайту мүмкін емес екенін атап өтті. «Біздің орталық Орталық Азия және Кавказ елдерінде серіктестік және әлеуетті өсіру бойынша өңірлік тұғырнаманы іске қосуды қолдайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қамтамасыз етуге, негізгі жұқпалы емес аурулардың алдын алуға, дұрыс тамақтануға, тұзды, трансмайларды және т.с.с. тұтынуды азайту бойынша заңнамалық бастамалар ұйымдастыруға бағытталған шаралар қолданылып жатыр. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы үшін Өңірлік тұғырнама жұмысының алғашқы жылы оның хатшылығына бірінші болып басшылық ету мүмкіндігі айтулы оқиға болып табылады. Ал біз болсақ, Орталық Азия және Кавказ елдерімен қоғамдық денсаулық сақтау және тамақтану саласында серіктестікті нығайту үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз», - деді ол.

(Бүгін мен Қазақстан Үкіметінің басшылығымен және Орталық Азия мен Кавказ аумағындағы 7 елдің белсенді қатысуымен бірге, Нидерланды Үкіметінің қолдауымен және ЮНИСЕФ мен басқа да агенттіктердің катализатор ретінде әрекет етуінің арқасында «Тамақтану саласында өңірлік әлеуетті және серіктестікті дамыту тұғырнамасы» атты ғаламат шекарааралық бастамасын жүзеге асыратынымызды көруге қуаныштымын. Аталмыш тұғырнама - бірлескен және мемлекетаралық жұмыстың керемет үлгісі, осы өңірдегі 8 мемлекет тамақтану жүйесі және басқару блоктары саласындағы әлеуетті жүйелі дамытудың пайдасын көретін болады. Нәтижесінде өңірдегі балалар мен жасөспірімдер арасындағы тойып тамақтанбаудың қосарлы ауыртпалығымен күресте әрі қарай да нәтиже шығару жылдамдай түседі», - деп атап өтті Афшан Хан, Еуропа және Орталық АЗия бойынша Өңірлік директор.

Тараптар арасындағы сеірктестік ЮНИСЕФ пен Қазақстан Үкіметі 22 маусым 2015 жылы қол қойған Даму мақсаттарындағы шектік серіктестік бағдарламасының шарттарымен реттелетін болады.

Меморандум тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне еніп, 31 желтоқсан 2020 жылға дейін күшін сақтайды.

 

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив