Астанада мектеп, балабақшалар және колледж директорларының жауапкершілігі артады

Астанада мектеп, балабақшалар және колледж директорларының жауапкершілігі артады

27 тамызда №54 мектеп-лицейінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев, Астана қ. әкімі Әсет Исекешев, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың және білім беру мекемелерінің директорларының қатысуымен кездесу өтті.

Іс-шара барысында «Астана – адалдық алаңы» жобасының аралық нәтижелері ұсынылды.

Жобаның негізгі мақсаттарының бірі - сеніп тапсырылған мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу деңгейін арттыру болып табылады.

Пилоттық құжатқа Астана қ. аудан әкімдері, елорданың басқарма басшылары, сондай-ақ медициналық мекемелердің бас дәрігерлері қол қойған болатын.

Білім беру мекемелерінің директорлары үшін әзірленген жаңа құжат заңдылық, ашықтық, қолжетімділік және кәсіби қызметтің жариялылығы қағидаттарын сақтау үшін бірінші басшылардың жауапкершілігін анықтайды. Бағыныштылардың заңсыз әрекеттері үшін жеке жауапкершілігі белгіленген. Оқушылар мен ата-аналардан қаражат жинауды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады. Құжат - бюджеттен бөлінген қаржы ресурстарын ұтымды, ашық және заңды іске асыру үшін жауапкершілікті күшейтуді міндеттейді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 7 ақпанынан бастап Астана қаласында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Астана қаласы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен жобасы жүзеге асырылуда, оның мақсаты тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ елорданың мемлекеттік мекемелерінде азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив