«Астана-адалдық алаңы» жобасы мақсаттарын  іске асыру бойынша жұмыстардың нәтижесі туралы

«Астана-адалдық алаңы» жобасы мақсаттарын іске асыру бойынша жұмыстардың нәтижесі туралы

19 сәуірде елорда әкімдігінде «Астана – адалдық алаңы» жобасының екі ай ішінде атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Іс-шара Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев және Астана қаласы әкімі Әсет Исекешевтың қатысуымен өтті.

 «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Жазира Жылқышиева әлеуметтік нысандарда қолайлы жағдай жасау және халыққа сапалы қызмет көрсету бойынша жобаның аралық жұмыс нәтижелерімен таныстырды.

Жазира Жылқышиеваның айтуы бойынша, жоба кеңсесі сарапшылармен бірлесіп жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының жеке жауапкершілігі туралы құжат дайындаған.

Кеңесте аудан әкімдері және жергілікті атақрушы органдардың басшылары «Жеке жауапкершілік» құжатына қол қойды.

Енді мемлекеттік мекеме басшыларының жеке жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударылатын болады. Бұдан әрі, құрылымда немесе ауыр тәртіптік құқық бұзушылықтар жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін бірінші басшылар да тәртіптік жауапқа тартылады.

Құжат мемлекеттік қызметтерді алу процестерін автоматтандыру, қызметкерлердің айналымын қысқарту, жұртшылықпен жүйелі кездесулер ұйымдастыру, қызметкерлерге берілетін сыйақылардың жариялылығын қамтамасыз ету, кәсіби қызметтің ашықтығы және т.б. сияқты мәселелер бойынша бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін күшейтуді көздейтіндіктен, бұл жаңашылдық әрбір мемлекеттік органның ішкі және сыртқы процестерін жақсартуға қызмет етуі тиіс.

Жоба кеңсесі елорданың басқарма басшыларына көмек көрсету үшін тәуекелді лауазымдарды анықтау әдістемесін әзірледі. Аталған әдістеме өлшемдер арқылы есептелетін болады: қызметі бойынша еңбек өтілі, қызметте алатын жалақысы, қызметкердің жасы, қызметтегі функционалдық міндеттері.

Осылайша, әзірленген өлшемдер сыбайлас жемқорлыққа ұшыраған бірқатар салалық лауазымдарды анықтауға көмектеседі.

Жоба жетекшісі атап өткендей, қазіргі таңда жоғары, орташа және төмен деңгейде жемқорлық компоненттері бар 50-ге жуық лауазым белгіленген.

Сонымен бірге, Жоба кеңсесі Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, емханаларда халыққа сапалы қызмет көрсету алгоритмін және бірыңғай брендбук әзірледі.

Осы тұжырымдамаға сәйкес, электронды кезектерді енгізу, емделушілер үшін навигациялық бағыттар және қызмет көрсету сапасын бақылау арқылы азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған процесстерді жетілдіру жоспарлануда.

Агенттіктің Төрағасы мен Астана қаласының әкімі электронды базаларды қайта қарау және интеграциялау бойынша Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына барды.

Қазіргі уақытта басқарма қызметкерлері қызмет алушының тұрғылықты жері, оның әлеуметтік мәртебесі және табыс туралы ақпараттарға қол жеткізді.

Бүгінгі күні, елорданың 80 мыңнан астам зейнеткер және 22 мың мүмкіндігі шектеулі азаматтар қажетті құжаттарды жинау үшін басқа мемлекеттік органдарға бармай, жеке басын куәландыратын құжатты бере отырып, мемлекеттік қызметті тез әрі сапалы түрде алуға мүмкіндік алды. Базаны біріктіру тек қана елордаға ғана емес, еліміздің барлық өңірлерінде азаматтар үшін қызметтерді жылдам көрсетуге мүмкіндік бергенін айта кету керек.

Сондай-ақ, базаның аяқталуы шетелдік жұмыс күшін басқарма қызметкерлерімен тікелей байланыссыз, яғни электрондық үкімет порталы арқылы автоматты режимде тартуға мүмкіндік берді.

Келесі нысан өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Астана қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» МК» ҰКҚ пилоттық режимде жұмыс істейтін көші-қон қызмет орталығының филиалына барды.

Бұл мекемеде электронды кезектер, жайлы түрде мемлекеттік қызметтер алу үшін қажетті  жағдайлар жасалған.

Алайда, қазіргі уақытта көші-қон қызметінің ақпараттық жүйелерінде кемшіліктер бар, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтардың болуы.

Жоба кеңсесі осы мәселелерді жою және шетелдік азаматтардың қызметтерін алуды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс жүргізетін болады.

Атап өту керек, 7 ақпанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасы Алик Шпекбаев және қала әкімі Әсет Исекешев министрліктің жауапты хатшылары, департамент және басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және БАҚ қатысуымен жоба менеджментін қолдану арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің жаңа құралдарын енгізуге бағытталған жобаның ережесіне қол қойғанын естеріңізге сала кетейік.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив