«Бала - басты жолаушы» атты мастер-класс өткізіледі

«Бала - басты жолаушы» атты мастер-класс өткізіледі

Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы аясында ШҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы ағымдағы жылдың 16 қарашасында сағат 11-де балаларды ұстау құрылғысын пайдалану бойынша мастер-класс өткізеді. Барлық ниет білдірген жүргізушілер үшін жол және техникалық инспекциясы бөлімінің мамандары автобесік, бустер, балалар креслосын, сондай-ақ адапторларды автомобильдің орындығына дұрыс орнатуды көрсетеді. «Қазақстанның қызыл ай» қоғамдық бірлестіктің қызметкерлері апат нәтижесінде балалардың жарақаттануы бойынша ақпарат береді.

Мәлімет үшін: 2017 жылдың 10 айында облыста балалар-жолаушылардың қатысуымен 94 ЖКО тіркелді, онда 2 бала қаза тапты, 115 - әртүрлі дәрежедегі жарақат алды. Көлік құралдарының 59 қақтығысу және 17 аударылу салдарынан 3 бала қаза тапты және 94 бала-жолаушы жарақат алған.  6 - кедергіге соғылу ЖКО-да 6 кәмелеттік жасқа толмағандар жарақаттанған.

Егер 10 жыл бұрын балалар өз кінәларынан ЖКО-ның құрбаны болса, қазіргі уақытта қайғылы жағдайлардың себебі – үлкендердің жауапкершіліксіздігі, өз-өздеріне сенімділік болып табылады. Апаттылықтың талдауы көрсетті, балалардың қатысуымен болған ЖКО-ның 96% жүргізушілердің кінәсінан орын алған.

Ағымдағы жылдың басынан Жол қозғалысы ережелерінің 22 «Жолаушыларды тасымалдау» бөліміне жаңа талап енгізілді:

  • көлік құралы конструкциясымен қарастырылған баланы қауіпсіз белдігі көмегімен бекітетін құралсыз немесе арнайы ұстау құрылғысыз, ал механикалық көлік құралының алдыңғы орындығында арнайы балаларды ұстау құрылғысыз 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдауға тыйым салынады.

Бұл жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі үшін қажет норма болып енгізілді. Көпшілік қателесіп, баланы қолда ұстай алатынын айтады. Бірақ – бұл олай емес. Қақтығысу, кенеттен тежеуішті басу немесе соғылу барысында 50 км/сағ. жылдамдықта жолаушының салмағы 30 есеге өседі. Егер баланың салмағы 10 кг болса, соғылу кезінде ол 300 кг дейін болады және оны алдыңғы креслоға немесе алдыңғы көлік терезесіне соғылудан ұстау мүмкін емес. Нақтырақ, баланы қолмен ұстап тасымалдаған ең қауіпті деп саналады. Осы себептен баламен бірге бір қауіпсіз белдігімен бекітілуге  де болмайды. Ересек адам өз салмағымен оны басып - жаншуы мүмкін.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша ұстау құрылғыларының пайдалануы бала-жолаушылар арасында 54% өлімді төмендетеді, ал жарақат алу қаупін 70% төмендетеді.

 

ШҚО ІІД ӘПБ

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

  1. аватар
    Felecia 15 января 2024 22:08

    I know this website offers quality based posts and extra
    material, is there any other website which offers these kinds of information in quality?


    my web-site: Lashonta

    Hi there excellent blog! Does running a blog such as this require a lot of work?
    I've virtually no expertise in computer programming but I had been hoping to
    start my own blog soon. Anyways, if you have any
    suggestions or tips for new blog owners please share. I know this is off topic nevertheless I just wanted to ask.
    Kudos!

    Here is my blog post ... Keyana

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив