Жергілікті полиция – жемісті жұмыс кепілі

Жергілікті полиция – жемісті жұмыс кепілі

2017 жылдың 12 шілдесі күні сағат 11.00-де  облыс әкімі К.Көкрекбаевпен бекітілген Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің 2017 жылдың II жартыжылдығына арналған баспасөз-конференцияларының кестесіне сәйкес «Жергілікті полиция- жемісті жұмыс кепілі»  тақырыбында брифинг өткізілді.

         Аталмыш шараға Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция полковнигі Бақытжан Халилұлы Бейсеев, ЖПҚ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бауыржан Арынұлы Үдергенов, ЖПҚ жол жүрісін қадағалауды ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Ғалымжан Сейтжанұлы Жолдасбеков, сондай-ақ ЖПҚ жеке құрамы мен облыстық Ішкі саясат басқармасы және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында ІІД ЖПҚ бастығы Б.Бейсеев баяндама жасап, жергілікті полиция қызметінің алты айдағы жұмыс қорытындысы және көрсеткіштері туралы атап өтті.

Баяндама соңында журналистер тарапынан әкімшілік құқықбұзушылық, жол жүрісі ережелеріне енгізілген толықтырулар мен өзгерістер және жаз мезгіліндегі демалысқа байланысты лагерьлердегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы сұрақтар қойылып, жергілікті полиция қызметі басшылығы сауалдарға тұшымды жауаптарын ұсынды. 

Жалпы,  Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметі өз қызметін бастағалы құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Және бұл іс-шаралар оң нәтижесін көрсетуде. Атап айтсақ, «Құқықтық тәртіп», «Шартты», «Есеп», «Жасөспірім»,«Отбасы және мектеп», «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Мирас» атты жедел-профилактикалық іс-шараларының жүргізілуі облыстағы криминогендік жағдайдың бірқалыпқа түсуіне және көрсеткіштердің төмендеуіне өз септігін тигізуде.  Мәселен, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген қылмыс көрсеткіші 8 559-дан 6 889-ға, яғни 19,5 пайызға төмендеген.  Оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар – 22,6 пайыз, ауырлығы орта дәрежедегі қылмыстар- 16,4 пайыз, ауыр емес қылмыстар – 31,8 пайызды құрап отыр. Қоғамдық орындар мен көшелерде орын алатын қылмыстар көрсеткішінің жоғарылауына жол берілмеуде. Мас күйінде және адамдар тобы мен жасөспірімдер арасында болатын қылмыстар саны біршама азайған.

Жаз мезгіліндегі демалыстар жергілікті полиция қызметкерлерінің жұмыс ауқымын арттыруға өз ықпалын тигізуде. Жазғы лагерьлерде демалушы жасөспірімдердің көбеюіне байланысты облыстағы 9 лагерьде (Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі аудандары) қоғамдық тәртіп пен балалардың және лагерь қызметкерлерінің  жеке бас және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті полиция қызметкерлерінен тәулік бойғы күзет қойылды. Қазіргі кезде аталған лагерьлерде 1668 бала бар, оның ішінде 83-і ІІБ есебінде, 43-і мектепішілік есепте тұр, сондай-ақ 164-і жайсыз отбасы балалары. Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы суицид көрсеткішін азайту мақсатында ІІД жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен облыс әкімдігі, денсаулық сақтау және білім беру органдарымен бірге «Жасөспірім және мектеп» кең көлемді акциясы өтті. Алдын алу іс-шараларының нәтижесінде жасөспірімдер арасындағы суицид 21,4 пайызға төмендеді. (20-дан 8-ге дейін).

Сондай-ақ, есептік кезеңде қабылданған бірқатар шаралардың нәтижесінде  облыс аумағында ұрлық қылмыстар саны -14,9 пайызға (4803-тен 4089-ға) төмендеген.Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғастырылуда.

2017 жылдың 6 айы қортындысы бойынша облыстағы жол-көлік оқиғаларының көрсеткіші 4 пайызға төмендегені  байқалады, оның ішінде қайтыс болғандар саны 33,3 пайызға, зардап шеккендер 5,3 пайызға азайған.

Жергілікті полиция қызметі қойылған мақсаттарды орындауда және  қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, азаматтардың сенімін ақтауда нәтижелі жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыра беретін болады.

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

1 пікір

  1. аватар
    Сырымжан 12 июля 2017 20:35

    Жұмыстарына сәттілік тілеймін, халықтың қорғанышы болып, еліміздің тыныштығына қызмет ете беріңіздер!

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив