Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі: қандай салық жеңілдіктері қаралған?

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі: қандай салық жеңілдіктері қаралған?

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану тәртібі, мүмкіндіктері және қолайлы тұстары туралы хабарлайды.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ретроспективті түрде бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің (АСР) қолданылуы қайта басталды.

Бұған дейін бұл режим ковид пандемиясы кезінде 2021-2022 жж. ең көп зардап шеккен экономика салаларын қолдаудың уақытша шарасы түрінде енгізілген болатын.

Бөлшек салықтың АСР жеке тұлға түпкілікті тұтынушы болып табылатын сауда, қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді дамытуға бағытталған.

Бұл режимнің артықшылығы – бұл режимді қолданатын салық төлеушілер:

1)  қосылған құн салығы бойынша есепке тұрмауға құқылы;

2)  әлеуметтік салық төлеушілер емес;

3)  әр түрлі елді мекендерде қызметті жүзеге асыруға құқылы;

4) кәсіпкерлік қызметтен алынған табысты қызметкерлер үшін еңбекақы төлеу қорының сомасына азайтады.

Режимді қолдану шарттары:

1) жалдамалы қызметкерлер - 200 адамнан аспауы тиіс;

2) күнтізбелік жылдағы табыс - 600 000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс (2024ж – 2,2 млрд.тг.);

3) ҚР Үкіметі айқындаған қызметтің тек бір немесе бірнеше түрін ғана жүзеге асырады. 

Корпоративті және жеке табыс салықтарының ставкалары:

4% - Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде салық кезеңі үшін алынған барлық кірістер бойынша. Жергілікті мәслихаттар ставканы 50% - ға төмендетуге құқылы;

8% - мұндай шығыстарға шегерімдер сомасы құжаттамалық расталған жағдайда (электрондық шот-фактураны жазып бере отырып немесе сатып алушының ЖСН/БСН көрсете отырып, чекті бере отырып). Ставка төмендетуге жатпайды. 

Қандай қызмет түрлеріне қолдауға болады?

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін енгізу жөніндегі бастама өзінің қажеттілігін көрсетіп, осыған байланысты қызметті екі есеге кеңейту қажеттігін атап өтті.

2024 жылдан бастап осы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі 190-нан 364 позицияға дейін кеңейтілді.

Осы режим үшін қызмет түрлерін анықтау үшін сауда, қоғамдық тамақтану саласындағы қызмет түрлері және түпкілікті тұтынушы жеке тұлға болып табылатын басқа да қызмет түрлері, сондай-ақ үлкен табыс алу көзделмеген қызмет түрлері қарастырылды.

Ұсынылатын қызмет түрлерінің 43,2%-ы тамақ өнімдерін (балмұздақ, шырындар, нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, кофе және т.б.) және әртүрлі тауарларды (үй жануарларына арналған дайын азық - түлік, баспа өндірісі, газет, фото және кино жабдықтары, зергерлік бұйымдар және ұқсас бұйымдар және т.б.) өндіруге тиесілі.

Ұсынылатын қызмет түрлерінің 10% – жөндеу (электр қозғалтқыштары, генераторлар мен трансформаторлар, электр жарықтандыру жабдықтары, спорттық және серуендеу қайықтары және т. б.).

Ұсынылатын қызмет түрлерінің 3,2% - басылым (кітаптар, компьютерлік ойындар, журналдар мен мерзімді басылымдар, газеттер және т.б.). 

Биыл не өзгерді?

  • Жергілікті өкілді органдарға бөлшек салық ставкасының мөлшерін төмендету туралы шешімдерді ағымдағы жылдың 30 наурызынан кешіктірмей қабылдауға мүмкіндік беретін түзетулер көзделген және бұл шешім қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыста болады.

2) Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданған кезде оңайлатылған тәртіппен (бұрын табыс салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібімен айқындалған) жиынтық түрде айқындалады.

Сатудан (қызмет көрсетуден) түскен табысқа салық салу бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің бухгалтерлік есепте қалай көрсетілгеніне байланысты кірістер айқындалады:

тауар ретінде, оны сату кезінде кірісі 4% немесе 8% мөлшерінде ЖТС/КТС мөлшерлемесі қолданылады. (8% шегерімге жатқызу үшін сатып алушының шығыстарын растау мақсатында электрондық шот-фактура жазып берілген жағдайда) – 913.00 нысанды салық есептілігі тапсырылады.

негізгі құралдар ретінде, оны іске асыру кезінде кіріс жалпы белгіленген салық салу тәртібімен салынуға тиіс – 100.00 және 220.00 нысанды салық есептілігі тапсырылады.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив