Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданудың шарттары

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданудың шарттары

Ағымдағы жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Заңға қол қойып, онда бөлшек салықтың арнаулы салық режимі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ретроспективті түрде енгізілді.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қайтақалпына келтірілген салық режимінің жаңаталаптарын түсіндіреді. 

Сонымен, бөлшек салықтың арнаулы салық режимін мына шарттарға сәйкес келген салық төлеушілер қолдануға құқылы:

- салық кезеңінде қызметкерлердің орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайды;

- күнтізбелік жылдағы табыс 600 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайды (2023 жылы – шамамен 2 млрд. теңге);

- осы режимді қолдану үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін ғана жүзеге асырады.  

Бөлшек салық ставкалары:

- 4% - Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) барлық кірістер бойынша. Бұл ретте жергілікті өкілді органдардың (Мәслихат) бөлшек салық ставкасының мөлшерін 50%-ға, яғни 4%-дан 2%-ға дейін төмендетуге құқығы бар;

- 8% - кәсіпкерлік субъектілеріне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістер бойынша, мұндай шығыстарға шегерімдер сомасын құжаттамалық растау қажет болған жағдайда (сатып алушының ЖСН/БСН көрсете отырып, электрондық шот-фактура жазып немесе чек бере отырып). Бұл ставканың мөлшері төмендетілмейді. 

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимінқолданатын салық төлеушілер қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайды. Бұл ретте қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңде бөлшек салық режиміне көшу үшін хабарлама ұсынған тұлғаларға қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беру бойынша міндеттеме туындамайды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив