Аулада ер адамды ұрып-соққаны үшін полицейлермен ұсталған петропавлдық жазасын өтеп жатыр

Аулада ер адамды ұрып-соққаны үшін полицейлермен ұсталған петропавлдық жазасын өтеп жатыр

Өткен жылы қараша айының соңында Назарбаев көшесі, 138 мекенжайындағы үйдің ауласында 34 жастағы петропавлдық 45 жастағы басқа тұрғынға дене жарақаттарын келтірді.

Бұл қылмыс қоғам ішінде наразылық тудырды. Қала тұрғындары бұл фактіні әлеуметтік желілерде қызу талқылады. Полицейлер күдіктіні анықтап, ізін суытпай ұстады. Істі тергеу барысын СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов өз бақылауына алды.

Тағайындалған сараптамалар денсаулыққа орташа зиян келтірілгенін көрсетті. Барлық мән-жайды жан-жақты және объективті қарап шыққан қалалық тергеушілер материалдарды ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша сотқа жіберді.

5 қаңтар күні сот айыпталушыны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Бұл – бұзақылық ниетпен денсаулыққа орташа зиян келтіру үшін заңмен көзделген ең қатаң жауапкершілікке жақын.

Полицейлер ескерткендей, қандай да бір заң бұзушылық туралы білген жағдайда әлеуметтік желілерде видео жариялаумен шектелмей, «102» арнасына хабарласуға болады немесе «102» мобильдік қосымшасын пайдалану қажет. Қосымшада құқық бұзушылықтың жасалған орны мен уақытын көрсету арқылы қоңырау шалу, мәтіндік, фото, видео хабарлама жіберу мүмкіндігі бар. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив