СҚО ауданының полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні «ізін суытпай» облыс орталығында ұстады

СҚО ауданының полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні «ізін суытпай» облыс орталығында ұстады

Белгісіз қылмыскер Тайынша ауданының орталығы Тайынша қаласындағы дүкендердің бірінің иесінің кабинетінен бір миллион  теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен. Қылмыс туралы хабарлама аудандық полиция бөліміне 21 қараша күні түсті. Қылмыс «ізін суытпай» ашылды. Күдіктіні полицейлер бейнебақылау камералары арқылы анықтады: ол дүкенде күзетші болып істейтін 40 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тұрғылықты жерден табылмады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның Петропавл қаласына кетіп қалғаны анықталды. Тайыншалық жедел қызметкерлер облыс орталығында іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде 5 сағаттан кейін күдіктіні қаладағы қонақ үйлердің бірінен анықтады. Тайынша ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Арғын Аманбаевтың айтуынша, күдікті ақшаның бір бөлігін спирттік ішімдікке және басқа да заттарға жұмсап қойған. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Жыл басынан бері облыста пробациялық бақылаудан жалтарған, қылмыс жасады деген күдікпен 31 қылмыскерге іздеу жарияланды. Бүгінгі таңда оның 22-і анықталды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив