СҚО-да боран салдарынан 80 фура қар құрсауында қалып қойды

СҚО-да боран салдарынан 80 фура қар құрсауында қалып қойды

Өткен түнде солтүстікқазақстандық полицейлердің, ТЖ және жол қызметтері қызметкерлерінің жұмысы қыза түсті. Бір-екі күн бұрын аймақта ауа температурсы көтеріліп, жаңбыр жауды, кейін күн суытып, соңы көктайғақ пен боранға ұласаты. Барлық бағыттағы жолдар жабылды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге СҚО полиция департаменті патрульдік полиция батальонының барлық ауысымдары ғана емес, тіпті бұл бөліністің басшылығы да жұмылдырылды.

«Астана – Петропавл» автожолының Тайынша ауданы арқылы өтетін учаскесі жүргізушілер үшін қиын болды. Ауыр жүк көліктері қатты жел мен көктайғақтың салдарынан дөңес учаскелерге көтеріле алмады. 27 желтоқсанда таңертең бұл жерде 80-ге жуық фура жиналып қалды.

Мамлют ауданында Қостанай қаласынан Петропавл қаласына ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін тасымалдап келе жатқан «Volvo» фурасының тіркемесі жолдан шығып кетті. Тіркемені шығарып алу үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыс аумағында бір түнде барлығы 7 автокөлік осындай жағдайға тап болды, олардың барлығы шығарып алынды.

Жабық жолдарда барлығы 159 жүк және 132 жеңіл көлік тұрып қалды. Полицейлер, мүдделі қызметтер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері 240-тан астам адамды шығарып алды, біреулерін жылыту орындарына жеткізді. Қол созым жер көрінбейтін қарлы боранда полицейлер елді мекендерге 30-40 машинадан құралған 7 автокөліктер легін жеткізді. Мамлют ауданының орталығы Мамлютка қаласындағы білім беру мекемелерінің біріне тамақтанып, жылыну үшін 80-нен астам адам орналастырды. Олардың қатарында Ресейден Тәжікстанға транзит арқылы кетіп бара жатқан автобустың 70 жолаушысы да болды, оның 17-сі балалар.

«Сондай-ақ облыс жолдарында ұсақ екі жол-көлік оқиғасы тіркелді, ешкім зардап шекпеді, - дейді СҚО ПД патрульдік полиция батальонының командирі полиция майоры Уәлихан Оразалин. – Жүргізушілерден ТЖ қызметінің хабарламаларын бақылап отыруды, жолдардың жабылуына дайын болуды сұраймыз. Қозғалысты шектеу туралы талаптарды орындамау ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 667-бабы бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз. Қысқы жолдарда жылдамдықты кенеттен арттырмаған және тежегішті бірден баспаған жөн. Өте қажет болмаса, басып озу маневрін жасамаған абзал. Қауіпсіздік белдіктерін пайдалануды ұмытпаңыздар. Қазіргі уақытта өңірде ауа-райы тұрақталып келеді, жолдар қар үйінділерінен тазартылғаннан кейін көлік қозғалысын жандандыру жоспарлануда». 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив