СҚО Қоғамдық кеңесі полиция департаменті қызметінің нәтижелерімен танысты

СҚО Қоғамдық кеңесі полиция департаменті қызметінің нәтижелерімен танысты

https://youtu.be/iHmI26-fWiI 

Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшелерін ведомствоның қылмысқа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2023 жылы атқарылған жұмысынан хабардар етті.

Полиция департаменті – қызметкерлері тәулік бойы қылмыспен күресетін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін ең ірі ведомстволардың бірі. Қызметтік міндеттерді сапалы орындау жоғары кәсібилікті және нақты нәтижелерді талап етеді. Айдын Қабдұлдиновтың айтуынша, полиция қызметкерлері жұмыстың «сервистік моделіне» толық көшу үшін қызметтің негізгі бағыттарын нығайтуда. Облыстың аумақтық полиция бөліністерінде «Азаматтарға арналған қабылдау бөлмелері»; келушілерге қызмет көрсету үшін фронт-офистер жұмыс істеуде. Алты стационарлық модульдік полиция бекеті жұмыс істейді. 2021 жылдан бастап тұрғын үймен біріктірілген 8 учаскелік полиция пункті ашылды. Петропавлда адам аяғы көп жүретін 11 учаскеде бейнекамерамен, микрофонмен, динамикпен жабдықталған «SOS батырмалары» орнатылған, бұл полицияға тікелей хабарласуға мүмкіндік береді. Адамдарға ыңғайлы болуы үшін «102» мобильді қосымшасы да енгізілді. Жыл басынан осы қосымша арқылы 200-ден астам хабарлама келіп түсті; оның 149-ы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Полицияның жедел басқару орталығына 9 мың бейнебақылау камерасы қосылған. Олардың көмегімен 560-тан астам қылмыс пен 18 мыңнан астам түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Айдын Қабдұлдинов биылғы жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша қабылданып жатқан шаралар қылмысты 19,5%-ға төмендетуге мүмкіндік бергенін атап өтті. 254 есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Оның 105-і синтетикалық есірткі айналымымен байланысты. Жалпы, облыс полицейлері жыл басынан заңсыз айналымнан 700 келіден астам түрлі есірткі және психобелсенді заттарды тәркіледі.

Сондай-ақ облыстық полиция басшысы соңғы екі жыл ішінде интернет-технологияларды қолданатын алаяқтардың белсенділігі артқанын атап өтті. Бұл аймақта тіркелген барлық қылмыстар санының 27%-ын құрайды. Жасөспірімдердің қатысуымен жасалатын қылмыстар санының артуы да полицияның ерекше бақылауында. Осыған орай ювеналдық полицияның жұмысы айтарлықтай жанданды. Жол жүрісі қағидаларының бұзушылықтарын тіркеудің жаңа жүйелерін пайдалана отырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша күнделікті жұмыстар жүргізіледі.

Жарасбай Сүлейменовтің төрағалығымен өткен қоғамдық кеңестің қатысушылары мен мүшелері өңір полициясы басшысының негізгі тезистерін тыңдап, түрлі сипаттағы бірқатар сұрақтар қойды, облыстағы ең ірі құқық қорғау органының жұмысын оңтайландыру бойынша нақты ұсыныстар берді. Жұртшылық өкілдері мен полицейлердің басты және ортақ мақсаты — облыс тұрғындары мен қонақтары үшін жайлылықты, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/sqo-da-qoghamdyq-kenges-politsiya-departamenti-qyzmetining-natizhelerimen-tanysty/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив