Жамбыл облысында жүргізiлген рейдтің қорытындысы: 16 800 әкімшілік құқық бұзушылық, 49 мас жүргізуші, 400 көлік айыптұрағына қойылды

Жамбыл облысында жүргізiлген рейдтің қорытындысы: 16 800 әкімшілік құқық бұзушылық, 49 мас жүргізуші, 400 көлік айыптұрағына қойылды

Жамбыл облысында он күндiк "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өз мәресіне жетті. Полиция қызметкерлері осы уақыт ішінде 87 қылмысты анықтап, іздеуде жүрген 7 қылмыскерді және тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны немесе алып жүргені үшін 30 адамды ұстады. 

Сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған 6 мыңға жуық тұлға тексеріліп, 65 заң бұзушылық тіркелді. 

Сонымен қатар, тәртіп сақшыларымен барлығы 16 824 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 2142 абаттандыру ережелерін бұзу, 2299 тіркеусіз немесе құжатсыз жүру, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе мас күйде болудың 793 дерегі анықталды. 

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 232 адам жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және ересектердің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде жүрген  854 кәмелетке толмаған жасөспірім белгілі болды. 

Жол қозғалысы ережелерін бұзған 8466 жүргізушіге, оның ішінде 49-ы мас күйінде көлік жүргізген, ал 260 жүргізушінің тиісті құжаттары болмағаны үшін айыппұл салынды.  

Сонымен бірге 1475 көлік жүргізушісіне көше қиылысында жүру ережелерін бұзғаны, 1168 жүргізушіге қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды, ал 2499 жаяу жүргінші жолдың белгіленбеген жерінен өткені үшін жауапкершілікке тартылды. 

Рейдтік іс-шаралар кезінде айыптұраққа 400 көлік, оның ішінде 15 скутер және 13 шетелдік есепте тұрған көлік қойылды. 

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға 2024 жылдың 12 қаңтарынан бастап шетелдік есепте тұрған автокөліктерді сақтандыруға тыйым салынғанын ескертеді. Осыған орай, қазақстандықтар басқа елдердің автокөліктерімен сақтандыру бойынша жүре алмайды. Көрсетілген мерзімге дейін берілген сақтандыру полистері олардың қолданылу уақыты аяқталғанға дейін жарамды болып саналады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив