Ауыл шаруашылығы кооперацияларының тиімділігінің төмендігі: АШМ бұл бағытты қалай дамытады

Ауыл шаруашылығы кооперацияларының тиімділігінің төмендігі: АШМ бұл бағытты қалай дамытады

Вице-министр Азат Сұлтанов ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық комитетінде өткен кеңейтілген отырыста ауыл шаруашылығы кооперациясы және Қазақстан өңірлеріндегі фермерлік шаруашылықтарды кеңейту мәселелері бойынша баяндама жасады. 

2022 жылы еліміздің ауыл шаруашылығы кооперативтері 390 млрд теңгенің 47,4 мың ауыл шаруашылығы өнімін өндірді. Ауыл шаруашылығы кооперативтері басқа фермерлермен тең жағдайда. Соның ішінде жергілікті бюджет есебінен де мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары оларға қолжетімді. 

Мысалы, Салық кодексінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін барлық салықтар бойынша 70% жеңілдік көрсетілетін арнайы режим қарастырылған. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін арттыру үшін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдары арқылы несиелер беріледі. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы аясында кооперативтер ауыл шаруашылығы техникасын және қажетті жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ өсімдік пен мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін шағын цехтар ашуға несие ала алады. 

Бұдан бөлек Инвестициялық субсидиялау ережесінде кооперативтер үшін ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының жекелеген түрлері бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен 50%-ға дейінгі құнын субсидиялаудың басымдығы мен жоғары нормативтері қарастырылған. 

Алайда, оң көрсеткіштерге қарамастан, көптеген кооперативтер қызметінің тиімділігі өте төмен болып отыр. Жүргізілген талдау ауыл шаруашылығы кооперативтерінің 60%-ға жуығы салық төлемейтінін немесе әрекетсіз екенін көрсетті. Ауылдағы кооперацияның толыққанды дамуына фермерлердің кооперативтерге деген сенімінің төмендігі кедергі келтіреді; ЖҚШ мен ұсақ фермерлердің ауыл шаруашылығы кооперациясының артықшылықтары мен пайдалары туралы хабарының аздығы; ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін жайылымдар мен шабындық жерлердің жетіспеуі; - нормативтік құқықтық актілердің жетілмегендігі. Бұл ретте халықаралық тәжірибе әлемнің көптеген елдеріндегі кооперативтер ауыл шаруашылығын дамытудың негізіне айналғанын көрсетеді. 

Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып, ауыл шаруашылығы кооперациясын одан әрі дамыту және проблемалық мәселелерді шешу үшін АШМ тиісті шаралар қабылдайды. Олардың ішінде: ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту үшін тегін негізде білімді тарату бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізу; әрбір елді мекеннің мамандануын анықтайтын ауылдық округтердің скринингі; қызмет көрсету мен өнімді өткізу тұрғысынан ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға баса назар аудара отырып, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; кооперативтерді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлермен қамтамасыз ету; өңiрлiк тұрақтандыру қорларының құралдары арқылы өндiрiлген өнiмдi сату. 

«Ауыл шаруашылығы кооперативтерін өнімдерін өткізу нарығымен қамтамасыз ету мақсатында форвардтық шарттар аясында тұрақтандыру қорларын қалыптастыру арқылы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өнімдерін сатып алуға басымдық беру мәселесі пысықталуда. Бұдан бөлек өңірлердің ірі сауда субъектілерімен шарттар жасасу арқылы жаңа өткізу нарықтарын табу үшін өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың әлеуетін барынша іске қосу жоспарланып отыр», - деді Азат Сұлтанов.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив