Әлеуметтік желілердегі алаяқтар жамбылдықтарға жүргізуші куәлігін сатып алуды ұсынады

Әлеуметтік желілердегі алаяқтар жамбылдықтарға жүргізуші куәлігін сатып алуды ұсынады

Әлеуметтік желілерде жүргізуші куәліктерін сату туралы хабарландырулар саны артты. Хабарландыру  авторлары мұндай сатып алу заңды болады, куәлік  2-3 күнде жасалады, өз есебінен жеткізіледі, тіпті жүргізу куәлігінен ресми түрде айырылған адамдар да оны сатып ала алады деп сендіреді.

Алайда, Қазақстан Республикасында жүргізуші куәлігін сатып алу заңсыз болып табылады. Ресми құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу, сондай-ақ оларды пайдалану Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  385-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Жүргізуші куәлігін алудың жалғыз жолы - жол ережелерін білу, көлік жүргізуді үйрену, қажетті құжаттар пакетін жинау және емтихан тапсыру.

2019 жылғы 1 шілдеден бастап теориялық және тәжірибелік сынақтарды  қабылдау тек "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес АҚ филиалының " Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті  арқылы жүзеге асырылады.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүргізуші куәлігін алуға өтініш беру үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет: жеке басын куәландыратын құжат; "№073/у" нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама; жүргізуші куәлігін бергені үшін 1,25 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек.

Екі сынақты сәтті тапсырғаннан кейін сізге тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі беріледі.

Егер сіз жүргізуші куәлігін  сатып алу үшін алаяқтарға жүгінсеңіз не болады? Біріншіден, алаяқ ақша алады және сізді бұғаттайды. Екіншіден, қаскүнемдер сіз  жіберген деректерді қылмыстық мақсатта пайдалануы мүмкін.

Үшіншіден, ҚР ҚК 385-бабына сәйкес көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін 160 АЕК-ке дейін (490 080 теңге) айыппұл немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу көзделген.

Жамбыл облысының Полиция департаменті ресми құжаттарды тек мемлекеттік органдардан алу қажеттігін, сондай-ақ қырағы болып, алаяқтарға сенбеу  керектігін хабарлайды.

Егер сізде әлеуметтік желілерде жарнамаланатын осы тектес жалған  қызметттер туралы ақпараттар болса немесе алаяқтардан зардап шеккен болсаңыз  полицияға хабарласыңыз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Augusta 1 октября 2023 12:20

    Its like you read my mind! You appear to know so much
    about this, like you wrote the book in it or something.
    I think that you could do with a few pics to drive the message home a little bit, but instead of that, this is fantastic
    blog. A fantastic read. I will definitely be back.

    Here is my web blog; Alvaro

  2. аватар
    Alexis 3 декабря 2023 10:53

    Does your site have a contact page? I'm having trouble locating it but,
    I'd like to shoot you an email. I've got some creative ideas for your blog you might
    be interested in hearing. Either way, great site
    and I look forward to seeing it improve over time.

    Look into my site; prezzo di arimidex in Uruguay

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив