ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері жөніндегі заң жобасын ұсынды

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері жөніндегі заң жобасын ұсынды

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев азаматтарды есепке алу және тұрғын үй есебін жүргізу жөніндегі функцияларды Отбасы Банкіне беру туралы ұсыныс жасады. Бұл ретте министр кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуде жергілікті атқарушы органдардың құзыреті сақталатынын атап өтті.

Заң жобасы сондай-ақ Отбасы Банкін берілген функцияларды орталықтандырылған орындауға жауапты ұлттық даму институтына айналдыруды көздейді. Бұл қадам тұрғын үй мәселелерін басқарудың тиімділігін оңтайландыруға және арттыруға бағытталған.

Министр ұсынылған өзгерістер еліміздегі тұрғын үй мәселелерін тиімді шешуге, тұрғын үй қорын басқаруға теңгерімді көзқарасты қамтамасыз етуге және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Функцияларды беру аясында «Отбасы Банкі» АҚ қаржы реттеушісінің лицензиясынсыз операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығару жоспарлануда. «Отбасы банкіне» қатысты бақылау-қадағалау міндеттері Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкте қалады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, валюталық реттеу, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл сияқты салаларда бақылауды сақтай отырып, мемлекет «Отбасы банкіндегі» депозиттердің сақталуына кепілдік береді. «Отбаса Банктің» екінші деңгейдегі банктерден шығуы оның Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес мемлекет тарапынан кепілдік беруді көздейтін депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығаруға да әкеп соғады.

Анықтама үшін: «Отбасы Банкінде» орналастырылған кепілдік депозиттердің сомасы ұлттық валютадағы тұрғын үй және құрылыс жинақтарының депозиттерін қоса алғанда 20 миллион теңгеден аспайды. 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив