Астанада Марат Қарабаевтың төрағалығымен өңірлердің ТКШ саласындағы өзекті мәселелері қаралды

Астанада Марат Қарабаевтың төрағалығымен өңірлердің ТКШ саласындағы өзекті мәселелері қаралды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев облыстық әкімдіктердің өкілдерімен кездесіп, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың мәселелерін қарастырды.

Кездесуге өңірлік әкімдіктердің өкілдері, ҚР ИИДМ Құрылыс істері және ТКШ комитетінің төрағасы Т.Қарағойшин, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары А.Мұхамеджанов, «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ төрағасы А.Күздібаев, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары мен құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.

Оның барысында өңірлердің тұрғын үй-коммуналдық секторындағы қордаланған мәселелері талқыланып, сондай-ақ 2023 жылға арналған даму жоспарлары таныстырылды. ИИДМ басшысы айтқандай, ТКШ саласында тәртіп орнату мен тұрғын үй кешенін жаңарту жергілікті атқарушы органдардың табысты қызметінің басты өлшемдерінің бірі саналады. Сондықтан министр бұл жұмыстың ұзақмерзімді жүйелі шешімдердің негізінде құрылуы тиіс екенін айтты.

Бұдан бөлек аталған кеңесте ТКШ қызметтерінің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру мен тарифтерді белгілеудің мәселелері де қозғалғанын айта кеткен орынды. Осы ретте облыстық әкімдіктерге өңірлердегі коммуналдық тарифтерді қадағалап, мемлекеттік тұрғын үй инспекцияларының жұмысын барынша тиімді ұйымдастыру тапсырылды.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив