Тараздық учаскелік полицей 6 жасар баланы өрттен құтқарып қалды

Тараздық учаскелік полицей 6 жасар баланы өрттен құтқарып қалды

Ағымдағы жылғы 15 қарашада сағат 17:30 шамасында облыс орталығының мөлтек аудандарындағы көпқабатты үйлердің бірінен баланың айқайлаған дауысы шыққан. Оны естіген осы үйдің 2-подъезінде орналасқан учаскелік пунктте жұмыс орнында отырған полиция қызметкері далаға жүгіріп шығады. Ол 5-қабаттың балконында пәтерден шыққан өрттен қорқып, айқайлап тұрған кішкентай баланы көреді. 

Учаскелік полиция инспекторы Сәбит Жүрмұхамедов бірден 5-қабатқа көтеріліп, көршілерден балға алып, пәтер есігін бұзып ашқан. Полиция майоры көк түтіннің арасында жылап тұрған 6 жасар баланы тауып, тез арада сыртқа алып шығады.

Содан соң «102» арнасына қоңырау шалып, өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдем жіберуді сұраған. 

Өрт сөндіріліп, 6 жасар бала мен полиция қызметкері «улы газдан улану» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы бірқалыпты. 

Оқыс жағдай орын алғанда жедел түрде әрекет етіп, өрт сөндірушілерді күтпей, өз денсаулығы мен өмірін ойламастан баланы құтқару үшін пәтерге кіріп кеткен учаскелік инспекторға баланың анасы Сәния зор алғысын білдірді.

- Сәбит дер кезінде әрекет етпегенде не жағдай болатынын тіпті елестете де алмаймын. Оған басымды иіп тұрып аналық алғысымды айтамын, - деді ол. 

Сонымен қатар, антына адалдық танытып, жоғары кәсібилікпен шара қабылдай отырып, адам өмірін құтқарудағы әрекеті үшін полиция қызметкері Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен марапатталатын болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив