Қарапайым полиция  лейтенанты Тұрлыбаев

Қарапайым полиция лейтенанты Тұрлыбаев

Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне полиция қызметкерлері хабарласып, ерекше оқиға туралы айтып берді. Ол Тараз қаласының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Қайрат Тұрлыбаевтың 2022 жылдың желтоқсанында мұз астына құлап кеткен екі баланы құтқарғаны туралы еді. 

Желтоқсанның аязды күндерінiң бiрiнде учаскелік полиция инспекторы әдеттегідей жұмысқа бара жатады. Саңырақ батыр көшесінің бойындағы каналдың жанынан өтiп бара жатқанда, көлігiнiң ашық терезесiнен балалардың көмек сұрап айқайлаған дауыстарын естіген. 

Ешбір ойланбастан ол көлікті тоқтатып, каналға қарай жүгіреді. Жақынырақ келгенде кеудесіне дейiн суық суға батып, мұздың шетінен ұстап, айқайлап тұрған 9-10 жастағы екі ұл баланың көреді. 

Полиция қызметкері тез арада мұзды суға секіріп, балаларды бірінен соң бірін судан шығарып алады. Мекенжайларын сұрап, отбасына аман-есен табыстайды. 

Оқыс жағдайдан аман алып қалған полиция қызметкерiне ата-анасы құтқарғаны үшін алғыстарын айтып қала береді. 

Үсті-басы әбден су болған полиция лейтенанты Қайрат Тұрлыбаев киімін ауыстырып, болған жағдайды ешкімге айтпастан қызметін жалғастыра берген. 

Осы оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде ерлік істері үшін марапатталған полиция қызметкерлері туралы ақпаратты көрген балалардың ата-аналары аталған полиция қызметкеріне де ел алдында алғыс бiлдiрiп, марапатқа ұсынылғаны жөн деп санайды. Осы мақсатта Қайрат қызмет ететін полиция бөліміне қоңырау шалып, орын алған тосын жай туралы баяндап бередi. Олар Қайрат Тұрлыбаевты екі баласының өмірін құтқарғаны және қызметіне деген адалдығы үшін марапаттау қажет екендігін жеткізді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив