СҚО полицейлері жаңа мобильдік бейнежүйелерді қолдана бастады

СҚО полицейлері жаңа мобильдік бейнежүйелерді қолдана бастады

Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында жүйткіп жүрген патрульдік автокөліктерге жаңа «Кибер-шериф» қондырғысы орнатыла бастады. Бұл жаңашылдық полиция қызметкерлеріне жуырда қолданысқа берілді.

Бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін бейнебақылау жүйелерін пайдалану жол қауіпсіздігін нығайтудағы тиімді шара болып табылады. СҚО-да «Ағын», «Интеллектуалды көше қиылысы» және басқа да стационарлық жүйелер өздерінің тиімділігін көрсетті. Интеллектуалдық камералар орналасқан жердегі көше қиылыстарында бірде-бір ауыр жол-көлік оқиғасы болған жоқ. Жыл басынан облыста автоматтандырылған жүйелер жол жүрісі қағидаларының 76 мыңнан астам бұзушылығын анықталды. Жуырда облыстық полиция департаментінің қолданысына «Кибер-шериф» деп аталатын екі жаңа мобильді аппараттық-бағдарламалық кешен келіп түсті.

Патрульдік машинада орнатылған әр кешенде 8 бейнекамера бар. Шолу аумағы 360 градус, сонымен қатар көлік салонында болып жатқанның барлығын аудио және бейне жазбаға түсіріп алуға қауқарлы. Аталмыш кешен жылдамдықты арттыру, жолдың қарсы бөлігіне шығып жүру, ал қаланың ішінде – белгіленбеген жерге көлікті қаңтарып қою сияқты бұзушылықтарды тіркейді. Бұзушылықтар әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімінде автоматты түрде тіркеледі. Құқық бұзушыларға хабарламалар жіберіледі. Бұл ретте патрульдік полиция батальонының қызметкерлері кешеннің жұмысына араласпайды, бірақ камералардың жұмысының барлық нәтижелері планшеттерге келіп түседі.

«Кибер-шерифтің» басты ерекшелігі – оқылмайтын, көрінбейтін мемлекеттік нөмірлерді қашықтықтан тану, ұрланған көліктерді немесе борышкерлердің темір тұлпарларын тіркеу. Сондай-ақ бұл кешен қарсы келе жатқан машиналарда сақтандыру полисінің және техникалық байқаудың өтуі туралы куәліктің бар-жоғын автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.

«Кибер-шериф» деп аталатын екі жаңа кешен облысымыздың көлік қозғалысы көп жолдарында 30 қазан күні шықты, - дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. –Бұл қондырғылардың мүмкіндіктерін қазіргі құбылмалы ауа райында тексеріп көре аламыз. Қазіргі уақытта олар тесттік режимде жұмыс істеуде және бұл жүйе өз жұмысын жақсы орындап жатыр деп айтуға болады». 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив