Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілер кәсіпкердің заңсыз бұзылған құқықтарын қалпына келтірді

Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілер кәсіпкердің заңсыз бұзылған құқықтарын қалпына келтірді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жер учаскесінің шекарасын белгілеу кезінде кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.

Осылайша, кәсіпкер Е. Көкшетау қаласының жер комиссиясына қолданыстағы бизнес үшін жер учаскесін кеңейту үшін жүгінген. Комиссия жер учаскесін беру үшін оң қорытынды берді.

Бұдан әрі комиссия қорытындысы негізінде өтініш беруші жерге орналастыру жобасын әзірлеп, оны Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімімен бекітті.

Сонымен қатар, мемлекеттік орган көршілес жер учаскелерінің меншік иелері өтініш білдіргеннен кейін мүдделі тұлғалардың келісімінің жоқтығына сілтеме жасай отырып, жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрығының күшін жойды.

Мұндай шешіммен келіспей, кәсіпкер Департаментке шағым түсірді. Департаменттің лауазымды тұлғалары өтінішті қарау барысында бөлім басшылығына және өтініш берушіге заң шығарушы қолайлы әкімшілік актінің күшін қандай жағдайда жоюға мүмкіндік беретіндігі туралы түсіндірме берді.

Соның нәтижесінде Бөлім Департаменттің ұстанымымен және өтініш берушінің дәлелдерімен келісе отырып, оның жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрығын қалпына келтірді, сондай-ақ көрші жер учаскелері иелерінің мүдделеріне байланысты дауларды реттеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив