Департамент өтініш берушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді

Департамент өтініш берушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Целиноград ауданы Сарыкөл тұрғынының бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.

1994 жылы өтініш иесіне Романов ауылдық әкімшілігі басшысының (қазіргі Рақымжан Қошқарбаев ауылдық округі) шешімімен жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскесі, оның негізінде өмір бойы мұрагерлік иелену құқығымен мемлекеттік акт берілді.

2003 жылы өтініш беруші аталған мемлекеттік акт негізінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын тіркеді.

2023 жылы жер учаскесінің шекарасын нақтылау үшін өтініш беруші жылжымайтын мүлікті одан әрі сату үшін ескі үлгідегі мемлекеттік актіні ауыстыру қажеттілігіне байланысты Целиноград ауданының жер кадастры және тіркеу бөліміне жүгінді.

Өтінішті қарап, бөлім мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жер учаскесін беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінің болмауына байланысты сәйкестендіру құжатын ауыстырудан бас тартты.

Бас тартумен келіспей, көрсетілетін қызметті алушы Департаментке шағымданды.

Департамент Романов ауылдық әкімшілігі басшысының шешімі Мемлекеттік корпорацияның тіркеу істерінде, мемлекеттік мұрағаттарда шынымен жоқ екенін анықтады.

Алайда, шағымды қарау барысында, көрсетілетін қызметті беруші, өтініш берушіге жер учаскесінің Романов ауылдық әкімшілігі басшысының шешімі негізінде берілгендігін жоққа шығармады. Бұл туралы Мемлекеттік актінің өзінде де көрсетілген.

Бұдан басқа, жер учаскесін тіркеуді жүзеге асыра отырып, мемлекеттік органдар өтініш берушінің жер учаскесіне меншік құқығын мойындады.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің сенім құқығын қорғау қағидатына байланысты мемлекеттік органдардың мұрағаттық құжаттарды тиісінше сақтамауы көрсетілетін қызметті алушы үшін ауыртпалық салатын салдарға алып келмеуі тиіс.

Анықтық презумпциясы қағидатын басшылыққа ала отырып, Департамент әкімшілік істің мән-жайларын зерделей отырып, өтініш берушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін көрсетілетін қызметті берушіге шағым материалдарын жіберу туралы шешім қабылдады, сонын нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушыға ескі үлгідегі мемлекеттік акт ауыстырылды.

        

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.