Астанада алғаш рет отандық геологтардың І Съезі өтті

Астанада алғаш рет отандық геологтардың І Съезі өтті

Бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қарасты Геология комитетінің ұйымдастыруымен елімізде алғаш рет Қазақстан геологтарының І Съезі өтті

 «ХХІ ғасырдағы Қазақстанның геологиялық қызметі: жай-күйі, проблемалары мен болашағы» тақырыбында өткен алқалы жиын саланың бірқатар маңызды және өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналды. Көзделген негізгі мақсат – еліміздің минералды-шикізат базасын толықтыру және дамыту жөніндегі бірлескен іс-әрекеттер жоспарын әзірлеу, 2029 жылға қарай Ұлттық экономика көлемін екі есеге ұлғайту және Қазақстанның мықты өнеркәсіптік базасын қамтамасыз ету.

Съездің ашылу салтанатында сөз алған Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрінің міндетін атқарушы Иран Шархан қоршаған орта мен еліміздің ресурстарын зерттеу барысында геология саласының маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның минералды-шикізат базасы ел экономикасының ұзақ мерзімді қажеттіліктерін қамтамасыз етуі қажет екендігіне баса назар аударды.

Іс-шараға сонымен бірге KAZAKHMYS BARLAU ЖШС бас директоры Ғалым Нұржанов, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы Серікбек Дәукей, KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Фархат Абытов, ҚР Минералды ресурстар академиясының өкілі Георгий Фрейман және Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтынан Герой Жолтаев қатысты.

Сөз кезегінде Ғ.Нұржанов геологиялық қауымдастықтың алдында тұрған жаңа сын-қатерлер туралы айтып берді.

«Сала алдында тұрған проблемалар бізден нақты әрі тиімді қадамдарды талап етеді. Әлбетте, мұндай мәселелер бірлесіп шешілуі тиіс. Осыған байланысты уәкілетті органдар мен бизнес-қоғамдастықты геологиялық барлауға тың серпін беру үшін бірлесе жұмыс жасауға шақырамын», – деп атап өтті ол.

KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Фархат Абытов болса, табиғи ресурстарды тұрақты басқару бойынша халықаралық озық тәжірибе орталығын құру жөніндегі жобаны көпшілік назарына ұсынды. Жобаның көздеген мақсаты – экологиялық және энергетикалық теңгерімге қол жеткізу әрі ресурстарды тұрақты басқару жөніндегі жоспарлардың жүзеге асуына үлес қосу.

Алқалы отырыстың қорытындысы бойынша британдық геологиялық қызмет, Ұлыбританияның ғылыми-зерттеу және инновациялар басқармасы мен Қазақстан Республикасының «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Маңызды құжатқа сәйкес екі тарап геология, аймақтық геологиялық зерттеулер саласында озық технологияларды енгізу бойынша әрі геологиялық деректер базасын құру саласында тәжірибе алмасып, геологиялық карталарды құрастыру жөнінде заманауи технологияларды қолдану және халықаралық озық тәжірибелерді енгізу туралы ақпаратпен бөлісетін болады.

Айта кетерлігі, жиын барысында геологиялық ғылым мен технологияларды дамытудың перспективалық бағыттары айқындалды. Сонымен бірге геологиялық барлау және цифрлық технологиялардың тұсаукесерлері, өңіраралық байланыстар мен іскерлік ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив