Астана полицейлері топтық төбелеске қатысушыларды ұстады

Астана полицейлері топтық төбелеске қатысушыларды ұстады

Жанжал Астананың түнгі клубтарының бірінде, күзетші мен клубқа келуші арасында болған.

Кейінірек "102" арнасына Қарағанды тас жолында жол жиегінде топтық төбелес жүріп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың жолын кесіп, 17 оқиғаға қатысушыны анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Тергеу төбелеске түнгі клуб күзетшілері мен келушілердің қатысқанын анықтады. Жанжал барысында қатысушылардың бірі атыс қаруын қолданып, бірнеше рет оқ атқан.

Тергеу іс-шаралары барысында полицейлер тегіс ұңғылы мылтықты тауып, тәркіледі.

Аталған қылмысты жасағаны үшін кінәлі тұлғалар Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның қалған қатысушыларын анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда. ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижелері бойынша төбелеске қатысушылардың әрқайсысының іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. 

Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив