Қазақстан-Қытай конференциясында көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды

Қазақстан-Қытай конференциясында көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды

Делегация Қытайдың негізгі өндірістік базасы болып табылатын Шаньдун провинциясынан келді. Мұнда Қытай өнеркәсібінің 41 бағыты бойынша өндіріс ошақтары шоғырланған, ал өнеркәсіптік өндіріс индексі 80,3% құрайды. Бұл ҚХР-дағы ең жақсы көрсеткіш. Осы ретте Шаньдун — Қазақстанның Қытайдағы үшінші сауда өңірлік серіктесі екенін атап өткен орынды.

Шаньдун провинциясы Қытай Коммунистік партиясының хатшысы Линь Ву мырзаны Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев пен ҚР бизнес қауымдастығының өкілдері қарсы алды. Екі тарап көлік-логистикалық маршруттарды дамыту және өнеркәсіптік кооперацияның жаңа бағыттарын талқылады.

«2013 жылы Қазақстанға жұмыс сапарымен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин өзара экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік беретін «Бір белдеу, бір жол» бастамасын ұсынған болатын. Қазақстан бұл бастаманы ел ішінде де, халықаралық аренада да белсенді түрде ілгерілетіп жатыр. Дүниежүзілік Банктің болжамдары бойынша, қазіргі өсу қарқынымен ол Қазақстанның жалпы ішкі өнімін 21 пайызға арттыруға ықпал етеді. Өткен жылдың өзінде Қытай мен Қазақстан арасындағы жүк тасымалы 20%-ға артып, 23 млн тоннаны құрады», деп атап өтті форумның ашылуында М.Қарабаев.

Сондай-ақ көлік министрі Қазақстан Қытай Халық Республикасымен жол және көлік құрылысы, жүк тасымалын ұлғайту, технологиялар алмасу және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту саласындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға ұмтылатынын атап өтті. Сонымен бірге екі ел арасындағы сауданы оңтайландыру бойынша көбірек бастамалар ұсыну және сауда-экономикалық алмасу орталығын құру бойынша тиімді тетіктерді пысықтау жоспарланып отыр.

Конференция аясында құрылыс техникасын, жүк көліктерін, автобустар мен қозғалтқыштарды шығаратын Shandong Heavy Industry Group мемлекеттік компаниясы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Кәсіпорын басшысы Тан Сюгуан мырза өндірістегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 

ҚР КМ баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив