Еліміздегі жылу энергетикалық кәсіпорындарға 36,8 млн тонна көмір жөнелтілді

Еліміздегі жылу энергетикалық кәсіпорындарға 36,8 млн тонна көмір жөнелтілді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. Ілияс Оспанов алдағы жылу беру маусымына көмір қорын дайындауға байланысты қолға алынған жұмыстар туралы айтып берді

Халықты және бюджеттік ұйымдарды көмірмен қамтамасыз ету үшін министрлік нақты мерзімді айқындай отырып, арнайы іс-шаралар жоспарын әзірледі. Қажетті индикаторлар өңірлердегі барлық жергілікті атқарушы органға жіберілді.

 Ілияс Оспановтың айтуынша, биылғы жылу беру кезеңінде көмірге деген қажеттілік – 9,1 млн тонна. Оның ішінде коммуналды-тұрмыстық мақсаттарға 2,4 млн тонна және халықты 6,7 млн тонна көлемінде қатты отынмен қамтамасыз ету керек.

Тұтастай алғанда, биылғы 7 айда елімізде шамамен 62 млн тонна көмір өндіріліп, оның 4 млн тоннасы коммуналды-тұрмыстық бағыт пен халыққа жөнелтілді. Бұған қоса жылу энергиясын өндіретін кәсіпорындарға 36,8 млн тоннаны көмір жіберілді. Өнеркәсіп кәсіпорындарына 2,7 млн тонна қатты отын жеткізілді.

Әлеуметтік көмірдің қайталама саудасын тежеу мақсатында ведомство отынның осы түрін автокөлікпен әкетуді тыйым салатын шараларды қолға алды. Мәселен, 2023 жылдың 26 мамырында Қазақстаннан көмірді автокөлікпен шығаруға 6 айға дейін шектейтін бұйрық шықты.

«Біз еліміздегі маңызды нысандардың көмірмен сапалы қамтамасыз ету мәселесіне басымдық беріп келеміз. Бұл міндет министрліктің ерекше бақылауында. Күн сайын арнайы талдау жүргізіледі. Көмір өнімдеріне қажеттілік жоспары мен осы бағыттағы іс-қимыл алгоритмі әзірленіп, өңірлерге, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне жіберілді», деді І.Оспанов.

Бұдан басқа министрліктің тарапынан коммуналды-тұрмыстық көмірдің экспортына жол бермеу үшін арнайы шаралар әзірленіп жатыр.

Сонымен қатар І.Оспанов  жергілікті атқарушы органдарға жылу беру кезеңіне дайындықты күшейту қажет екенін жеткізді. Бұған дейін әкімдіктерге осы бағыттағы жұмыстарға монополияға қарсы ведомствоның аумақтық бөлімшелерін жұмылдырып, мобильді қосымшалар арқылы көмірдің құнын төмендетуді пысықтау қажеттігі туралы айтылған болатын.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив