ҚР ИИДМ халықты көмірмен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі

ҚР ИИДМ халықты көмірмен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев алдағы 2023-2024 жылдар кезеңіне арналған жылыту маусымына дайындық туралы айтып берді.

Министрдің айтуынша, биылғы жылу беру кезеңінде халық пен коммуналды-тұрмыстық сектордың қатты отынға деген жоспарлы қажеттілігі шамамен – 9 млн тонна. Бұл ретте  ҚР ИИДМ аталған уақытқа дайындықты күшейту үшін көмірмен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын (оның іске асырылуы мерзімімен бірге) әзірлеп, жергілікті атқарушы органдарға жолдағанын айта кеткен орынды.

«Алдағы жылыту маусымында коммуналды-тұрмыстық көмірдің тапшылығын болдырмау үшін осы отын түрін өндіретін кәсіпорындарды қоспағанда, автокөлікпен және теміржол көлігімен оны әкетуге шектейтін алдын алу шаралары қабылданып жатқанын айта кетейік. Жылу беру мезгілінің ең қызған кезеңінде әлеуметтік көмірді сату нүктелерінен жымқыру фактілері байқалды. Әкімдіктердің тарапынан тиісті бақылаудың жүргізілмеуіне байланысты бірқатар өңірлік оператор әлеуметтік көмірді басқа мақсатта, яғни бизнес субъектілеріне сата бастаған», деді ведомство басшысы.

ЖАО-дың жедел деректері бойынша жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы шамамен – 14 мың шақырым. Осы ретте жылу инфрақұрылымының тозуы Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында сақталып отырғанын еске сала кетейік.

Министрліктің коммуналды меншігіндегі жылу желілерін жаңғыртуға келсек, бұл мақсатта қаржыландырудың үш тетігі іске асырылып жатқанын атап өткен жөн. Мәселен, нысаналы трансферттер арқылы, бюджеттік кредит бөлу және шығындарды 50%-ға дейін субсидиялау жолымен.

«2029 жылға қарай жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 43%-ға дейін төмендету міндеті қойылып отыр. Жергілікті атқарушы органдар жылумен жабдықтау жобалары бойынша тиісті өтінімдер мен құжаттарды ұсыну жөніндегі жұмысты жандандыруға тиіс. Қазір 2024 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау барысында тек 43 жылумен жабдықтау жобасына байланысты өтінімдер қарастырылған», деді Марат Кәрімжанұлы.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив