ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРДЕН ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ ЖАЛҒА АЛУ ҮШІН ЗАҢСЫЗ АҚЫ АЛЫНҒАН

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРДЕН ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ ЖАЛҒА АЛУ ҮШІН ЗАҢСЫЗ АҚЫ АЛЫНҒАН

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, аудан әкімдігіне тиесілі кәсіпорындардың бірі 2018-2019 жылдардағы карантин кезеңінде кәсіпкерлерден жылжымайтын мүлікті жалға алу үшін ақы алғанын хабарлаған кәсіпкер жүгінді. Алайда, тиісті министрліктің бұйрығына сәйкес пандемия кезінде мемлекеттік мүлікті жалға алушылар жалдау ақысын төлеуден босатылған болатын.

Антикордың ұсыныстарынан кейін жергілікті әкімдік, кәсіпкерлерге шығындарды өтеу кестесін әзірледі, ал соңғыларының құқықтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, бірнеше жыл бойы әкімдіктен жалға алынған павильонда көкөністер мен жемістер саудасын жүргізген кәсіпкер ведомстводан көмек сұрады. Жазғы түндердің бірінде барлық павильондардың нөмірленуі өзгертілді, нәтижесінде аталған павильон сауда қатарының екінші шетінен табылды. Жаңа орын тозығы жеткен, жабдықталмаған болып шықты, ал бұрын орналасқан сауда орны кәсіпкердің өз қаражаты есебінен жөнделген болатын.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы мен қалалық кәсіпкерлік бөлімі бірлесіп әзірленген ұсынымдар негізінде павильондардың нөмірленуі қалпына келтіріліп, кәсіпкер бұрын жабдықталған сауда орнын қайтара алды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Бизнеске жол" жобасы аясында кез келген кәсіпкер аумақтық департаменттерге немесе жергілікті жерлердегі өңірлік кәсіпкерлер палаталарына құқықтық немесе консультациялық көмек сұрай алатынын еске салады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив