ҚР ИИДМ өкілдері Қызылорда облысының жылу беру маусымына дайындығын пысықтады

ҚР ИИДМ өкілдері Қызылорда облысының жылу беру маусымына дайындығын пысықтады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы және Қызылорда облысы ТКШ басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетовтың төрағалығымен алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары туралы жиын өткізілді.

Аталған жиынға қала мен аудандық әкімдіктердің өкілдері және коммуналды кәсіпорындардың басшылары қатысты. Оның барысында облыстық ТКШ басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов биылғы жылу беру кезеңіне дайындық жөнінде айтып берді.

Әкімдіктің мәліметіне сәйкес тұтастай облыс бойынша 1067 әлеуметтік нысан бар. Олардың ішінде 532-і білім беру, 247 денсаулық сақтау, 288 мәдениет және спорт нысаны саналады.

Жиын соңында Ә.Пазылбекұлы қала, аудан әкімдеріне, сала басшыларына, коммуналды қызметтің өкілдеріне жылу беру маусымына дайындықты қазірден бастап, қажетті көлемдегі отын қорын жинақтап, әлеуметтік нысандардың әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды. 

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив