ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ЫСТЫҚ СУДЫҢ БЕРІЛУІ ТОҚТАМАЙДЫ – РУСЛАН МҰЗДЫБЕКОВ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ЫСТЫҚ СУДЫҢ БЕРІЛУІ ТОҚТАМАЙДЫ – РУСЛАН МҰЗДЫБЕКОВ

Жамбыл облысында сыртқы ауа температурасы соңғы 5 тәулікте +8 0С-тан жоғары болса, жылыту маусымын аяқтау көзделген. Осы орайда, жылыту маусымы ағымдағы жылдың 4-6 сәуірі аралығында аяқталып, ұзақтығы 180 тәулікті құрады. Алайда, денсаулық сақтау, мектепке дейінгі білім беру сияқты әлеуметтік маңызы бар нысандарға сұраныстары негізінде жылу беру жалғасуда.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында аймақтағы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Руслан Мұздыбеков айтты. Ол маусым кезінде 1,025 млн. гигакалорий жылу энергиясы өндіріліп, 122,354 млн. текше метр газ тұтынылғанын да атап өтті. Жылу көздері мен инженерлік инфрақұрылым желілерінде авариялық жағдайлар мен технологиялық бұзушылықтар тіркелмегенін жеткізді.

«Облыстағы барлық 9 жылу энергетика кешендері мен  444 автономды қазандықтар штаттық режимде жұмыс істеп, жалпы 1664 әлеуметтік маңызы бар нысан мен 1622 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтамасыз етілді. Бюджеттік мекемелердің автономды қазандықтары жоспарлы 67,4 мың тонна көмірмен, халық 188 мың тонна көмірмен толық қамтамасыз етілді. 2022 жылға 1 335,0 млн. текше метр газ көлеміне «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен  тиісті келісімшарттар түзілді. 3 моно қаланың орталық қазандықтарын қажетті отынымен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 1 950,5 млн. теңге қарастырылды», - деді спикер.

Руслан Орынбекұлы жылыту маусымы аяқталғанымен, Тараз қаласында ыстық су үздіксіз берілетінін жеткізді.

Жалпы, қалада барлығы 915 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен қамтамасыз етілген. Алайда, жыл сайынғы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу үшін жаз айында 15-20 күннен аспайтын мерзімге ыстық судың берілуі уақытша тоқтатылады.

Сондай-ақ, брифингке өңірдегі жылыту кәсіпорындарының жауапты мамандары «Таразэнергоорталық» АҚ вице-президенті Мамат Шакиров пен «Таразтрансэнерго» МКК өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Рауан Байдалиев қатысып, журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты мәлімет берді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі


 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

10 пікір

  1. аватар
    Wally 8 сентября 2023 20:00

    I loved as much as you will receive carried out right here.
    The sketch is tasteful, your authored material stylish.
    nonetheless, you command get bought an nervousness
    over that you wish be delivering the following. unwell unquestionably come more formerly again as
    exactly the same nearly very often inside case
    you shield this increase.

    Here is my page; precio
    de ponstel en Argentina

  2. аватар
    Tamara 12 января 2024 19:12

    I think this is one of the most significant information for me.
    And i am glad reading your article. But want to remark on some general things, The website style is great, the articles is really great
    : D. Good job, cheers

    Feel free to visit my web page - dicomex disponible en Suisse

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив