СҚО әкімдігінде ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

СҚО әкімдігінде ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың басшылығымен облыстық әкімдікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Отырыс барысында елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері, жер саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ тәртіп сақшылары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары қаралды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Сергей Перовтың ақпараты бойынша, 2022 жылы табиғи монополиялар субъектілеріне жергілікті бюджеттен 3,5 млрд. теңге субсидия, оның ішінде «Есіл Су» филиалына 3,2 млрд. теңге қаржы бөлінген.

Ауылдардағы тұтынушылар үшін топтық су құбырларынан ауыз суды өткізумен 22 табиғи монополия субъектісі және 180-ден астам дилер айналысады.

«Барлық ауылдық елді мекенде ауыз су тарифі әртүрлі, 1 текше метр үшін 40-тан 500 теңгеге дейін құрайды. Мысалы, «Буденное-СК» ЖШС Ғабит Мүсірепов ауданында ауыз суды 1 текше метр үшін 40 теңге тарифімен сатады. Ал Мамлют ауданындағы жеке тұлға Андреева Л.В. 1 текше метр суды 500 теңгеге сатуда», - деді Сергей Перов.

Бір елді мекеннің өзінде ауыз суды әртүрлі бағамен сату фактілері бар.

Мәселен, Тимирязево ауылында 2 су беруші – «Алпаш» ЖШС және «Тимирязев элеваторы» ЖШС тиісінше текше метр суды 125 және 200 теңге бағамен сатумен айналысатыны анықталды.

Департамент сумен жабдықтау саласындағы мүдделі органдардың өзара іс-қимыл алгоритмдерін ұсынды. Оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерін «тікелей» субсидиялау, сондай-ақ ауыз суды сатумен айналысатын ауыл шаруашылығы өндірушілерінің және тікелей тұтынушылардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою кезінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан субъективті тәсілдің бар екендігін көрсетті.

Мысалы, Есіл ауданы әкімдігінің қаулысымен ауыл шаруашылығы өндірушісінің уақытша жер пайдалануындағы көлемі 290 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару көзделген.

Қаулыны шығаруға Петровка ауылдық округі жиынының хаттамасы негіз болды.

Алайда, «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңға сәйкес, жер учаскелерін алып қою немесе жалдау мерзімін тоқтату туралы мәселелерді қарау жергілікті қоғамдастық жиындарына бекітілмеген.

Сонымен қатар, «Жайылымдар туралы» Заңға сәйкес, жайылымдарды басқару жоспары картасының шекарасында учаскелер болған жағдайда ғана мәжбүрлеп иеліктен шығаруға болады.

«Біздің ойымызша, халықтың жайылымдық жерлерге деген қажеттілігін қамтамасыз ету мәселесін шешу кезінде жерді пайдаланудың сапалы және негізделген мониторингін жүргізе отырып, жер учаскелерін тиісінше пайдаланбау бірінші орынға қойылуы тиіс. Оның негізінде мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде шаралар қабылдау туралы шешім қабылдануы тиіс», - деп атап өтті СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша облыс әкімі департамент басшысы айқындаған мәселелер бойынша ұсынымдарды қолдай отырып, облыстық басқармалардың басшыларына, қалалар мен аудандардың әкімдеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және жіберілген бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив