Жамбылдық полицейлер

Жамбылдық полицейлер"Бақытты балалық шақ" мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Байзақ ауданының орталық саябағында "Есірткісіз болашақ" ұранымен "Бақытты балалық шақ" атты мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілді. 

Ұйымдастырушылар – Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, "Нығмет нұры" қоғамдық бірлестігі  және мемлекеттік органдар қызметкерлері – аталған іс-шараның  нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясында өтіп жатқанын атап өтті. 

Балалар спорттық жарыстарға, шығармашылық байқауларға, би флешмобына белсене қатысып, асфальт жолға түрлі суреттер салды.        

Ата-аналар мерекені ұйымдастырушыларға алғыс айтып, мұндай іс-шаралар ерекше сезімге бөлеп, керемет көңіл-күй және шабыт сыйлайтынын баса айтты. 

 - Бұл тек балалар үшін ғана емес, біз үшін де ерекше мереке. Балалардың бақыты мен шынайы күлкісінен маңызды ештеңе жоқ. Ата-аналарға шыдамдылық, мейірімділік пен риясыз қуаныш тілегім келеді. Балалардың бақытты және қауіпсіз балалық шағы үшін ересектер жауапты екенін ұмытпаңыздар, - деп сөзін түйіндеді Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив