СҚО полицейлері 3 күнде жасөспірімдердің 22 түнгі серуенін анықтады

СҚО полицейлері 3 күнде жасөспірімдердің 22 түнгі серуенін анықтады

Жазғы демалыс қарсаңында СҚО ювеналды полицейлері "Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Білім беру саласының қызметкерлерімен бірлесіп, құқықтық тәртіп сақшылары түнгі көшелер бойынша рейдтер жүргізеді, жалдамалы пәтерлер мен коттедждерді, супермаркеттер мен ойын-сауық мекемелерін тексерді. Петропавл қаласының Интернациональная мен Жұмабаев көшелерінің қиылысында полицейлер 17 жасар үш қызды тоқтатты. Танысының үйінде отырып, олар ата-аналарына үйге таксимен оралуға уәде берген. Уәдесін орындамастан, олар сағат 23-тен кейін "серуендеуге" шешім қабылдады, бірақ олар заң талаптарын бұзатындықтарын жақсы білген. Ата-аналарға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабының 2-бөлігі бойынша хаттамалар жасалды. Әсер ету шарасы-ескерту, егер ол қайтадан бұзылса, балалардың түнгі серуендеуі үшін айыппұл төлеуге тура келеді.

"ЖПІШ 3 күнінде осындай 22 фат анықталды, - деп хабарлайды СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. - Сонымен қатар, бір заңды өкілге жасөспірімнің ішімдік ішкені үшін ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша жауапкершілік жүктелді. Заңдылықты бұзу кәмелетке толмағандардың оларға қатысты да қылмыс жасау қаупін тудыратынын түсіну маңызды. Өскелең ұрпаққа бұл туралы түсінік беру үшін оқу жылының соңында ювеналды полиция қызметкерлері мектептер мен колледждердің оқушыларымен белсенді кездесулер өткізеді, заңнама талаптарын түсіндіреді, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы айтады. ЖПІШ кезінде облыстың оқу орындарында барлығы 300-ден астам осындай кездесулер өткізілді". 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив