ШҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта театрландырылған қойылым көрсетілді

ШҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта театрландырылған қойылым көрсетілді

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен облыстық Драма театрында «Көлеңке» эксперименттік драмасының көрсетілімі өтті (авторы Р.Отарбай, қоюшы-режиссер Д. Құбаш). 

«Көлеңке» спектаклінде сыбайлас жемқорлық көріністері, заңсыз баюға деген ұмтылыс бір отбасының тағдырына қалай кері әсер еткені көрсетілген. Алайда, спектакль соңында адал полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында қылмыскерлер ұсталып, әділдік орнайды.

«Бұл бастама Үкіметтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық жұмыс жүргізу туралы Қаулысын орындау аясында ұйымдастырылды. Осы спектакльді көріп, әріптестеріміз отбасы құндылықтары, парасаттылық пен адалдық туралы ойланады деп үміттенеміз», - деп атап өтті ШҚО Антикор басшысының бірінші орынбасары Талғат Башев.

Сондай-ақ, шара барысында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Талғат Башев мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы соңғы өзгерістер туралы баяндама жасады және мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік туралы жадынамалар таратылды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив