ШҚО Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша мектеп директорларымен пікір алмасу
2021 жылғы 21 сәуір күні Зерек орталығы негізінде Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының мектеп директорларымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен білім беру саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, сондай-ақ, Департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің бас маманы М.Сахариева, өңірлік ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі А.Есімбекова қатысты.
Кездесу барысында М.Сахариева Қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылықтармен таныстырып, парасаттылық, адалдық қағидаларын насихаттау жұмысына белсене атсалысуға шақырды.
Ал штаб жетекшісі А.Есімбекова білім беру саласында болған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар мен қылмыстар статистикасымен таныстырып, мектеп директорларын жұмыстарында парасаттық, әділеттілік, адал еңбек қағидаттарын ұстану арқылы ұстаздар мен мектеп оқушыларына үлгі болуға шақырды. Іс-шара соңында тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді.
[xfvalue_img]
7 пікір