Қытайға сапар: Ербол Қарашөкеев Қазақстан экономикасына инвестиция салудың артықшылықтары туралы айтты

Қытайға сапар: Ербол Қарашөкеев Қазақстан экономикасына инвестиция салудың артықшылықтары туралы айтты

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің ҚХР-ға сапары аясында Шыңжаңның бірқатар автономиялық аудандарының (Боро-Тала-Моңғол АО, Іле Қазақ АО, Алтай округі және Іле Қазақ АО-ның Шәуешек округі) басшылығымен, сондай-ақ ШҰАА өндірістік-құрылыс корпусының өкілдерімен келіссөздер жүргізілді.   

ШҰАА автономиялық округтерінің басшылығымен кездесу барысында қазақстандық ет, дәнді және майлы дақылдар, жемшөп импортына қызығушылық байқалды. Өз кезегінде министр Қазақстанның сапалы жеміс-көкөніс өнімдерін сатып алуға мүдделі екенін айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан аграрлық секторға инвестиция салу үшін кең мүмкіндіктер ұсынады. АӨК-де инвестициялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде салалық жеңілдіктер мен салықтық преференциялар көзделген. Инвесторлар ірі жобаларды жүзеге асыру үшін Үкіметпен тікелей инвестициялық келісім жасай алады. Бұл салықтың негізгі түрлері бойынша ерекше шарттар алуға мүмкіндік береді, деп атап өтті министр.

Ербол Қарашөкеев ынтымақтастық перспективалары туралы айта келе, қазақстандық тараптың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобаларды дамытуға қызығушылығын атап өтті. Қазір елімізде қайта өңдеу кәсіпорындары үшін субсидиялаудың түрлі бағыттары бар. Мемлекет жұмыс істеп тұрған зауыттарды жаңғыртуға және жаңа зауыттар салуға жұмсалатын шығыстардың бір бөлігін өтейді, айналым қаражатына берілетін несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялайды, сондай-ақ шикізатты қайта өңдеуге тапсырған кезде фермерлердің шығындарының бір бөлігін өтейді және т.б.

Осы және өзге де қолдау шаралары шетелдік инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Осыны ескере отырып, АШМ басшысы қытайлық компанияларды АӨК саласында қазақстандық әріптестермен бірлескен жобалар ашуға шақырды.

«Тұқым шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және азық-түлік өндірісі саласындағы қытайлық кәсіпкерлерді Қазақстанға шақырамыз. Біз ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды іске асыру үшін ашықпыз. Ауыл шаруашылығы министрлігі өз тарапынан инвесторлар үшін барлық қажетті жағдайларды ұсынуға және жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», - деп қорытындылады министр.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив