Әділет министрлігінде заң жобалау қызметі бойынша ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті
ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың төрағалық етуімен заң жобалау қызметі мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырысқа мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты.
Парламент депутаттары бастамашылық еткен: «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «ҚР Азаматтық кодексіне толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының тұжырымдамаларын ВАК қатысушылары қарастырды.
Сондай-ақ «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе қаралды.
Отырыс барысында спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша заң жобасына өзгерістер енгізу спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері республикалық және жергілікті бюджеттерден қазақтың спорттық бағыттағы жылқы тұқымын мемлекеттік қолдауға жұмсалатын мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтіні белгілі болды. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы ветеринария саласындағы уәкілетті органға жануарларға жауапты қарау жөніндегі функцияларды бекітуді көздейді, сондай-ақ жануарларды есепке алудың бірыңғай электрондық базасын орталықтандыру жөніндегі нормаларды көздейді. Сондай-ақ, заң жобасында халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін, сондай-ақ жануарларды қорғау мақсатында қаңғыбас жануарлардың санын реттеу қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, ВАК заң жобалау қызметі бойынша мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы бастамалар мен диалогты талқылау үшін тиімді алаң болып табылады.
[xfvalue_img]
29 пікір