СҚО-да 9 мамыр мерекесі қарсаңында полицейлер патриоттық іс-шаралар өткізуде

СҚО-да 9 мамыр мерекесі қарсаңында полицейлер патриоттық іс-шаралар өткізуде

(видео: https://youtu.be/C2a0-ykiQTI ) 

9 мамыр мерекесіне орай Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов, ПД бастығының орынбасары Сәуле Андағұлова мен ведомствоның Ардагерлер кеңесінің төрағасы тыл еңбеккері, ішкі істер органдарының ардагері Владимир Ипполитовқа барып қайтты.

Владимир Терентьевич Ипполитов Түмен облысында туған. 1942 жылы оның әкесі майдан даласындағы ұрыстарда із-түссіз жоғалып кеткен. Бала күнінде, соғыстан кейін жастық шағында ересек өмірдің түрлі ауыртпалығын көріп, шыныға түсті. Жұмыстан қолы босаған уақытта көп оқып, шығармашылықпен, спортпен айналысқан. 1962 жылы погон киіп, Қазақ КСР ІІМ ішкі және айдауылдау күзетінің 247 жеке дивизионының 3-ші командасының құрамында топ командирі болып қызметін бастаған. Ішкі істер органдарынан зейнетке 1985 жылғы 5 маусымда милиция майоры шенінде, облыстық ішкі істер басқармасының кезекші бөлімі бастығының орынбасары лауазымынан шыққан. Зейнеттегі ардагер ұстаз, жұбайы Раиса Алексеевнамен бірге екі қызды өсіріп жеткізген.

Айдын Қабдұлдинов зейнеткерлерді келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, қызмет атқарған жылдары мен жас буынға беріп жатқан тәрбиесі үшін алғысын білдірді; Владимир Терентьевич пен Раиса Алексеевнаға мықты денсаулық, амандық тіледі.

Ал бір күн бұрын Жеңіс күні қарсаңында полиция қызметкерлері облыстық ведомствоның бастығы Айдын Қабдұлдиновпен бірге Қызылжар ауданындағы Березовка ауылында орнатылған Кеңес Одағының Батыры, милиция подполковнигі Филипп Чижиковтың обелискісіне гүл шоқтарын қойды. Филипп Васильевич осы ауылда өткен ғасырдың 20-шы жылдарының басында дүниеге келіпті. Ұлы Отан соғысындағы ұрыстарда болып, кейін оралған соң соғыстан кейінгі жылдары милиция қатарында қызмет атқарған. Кеңес Одағының Батыры, Ленин орденінің кавалері, «Алтын жұлдыз» медалінің иегері Филипп Чижиков бейбіт уақытта милиция подполковнигі шеніне дейін жеткен; зейнетке шығар алдында Воронеж облысының ішкі істер басқармасында басшылық қызметтерде еңбек еткен. Березовка ауылының тұрғындары, оқушылар мен полицейлер солтүстікқазақстандықты бір минут үнсіздікпен еске алып, обелискіге қалампыр, гүл шоқтарын қойды.

Солтүстік Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысынан оралып, соғыстан кейінгі уақытта милицияда 770-тен астам майдангер жұмыс істеген. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/sqo-da-pd-basshylyghy-iio-ardagerining-ujine-baryp-qajtty/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив