Автокөлік ұрлаған Тараз тұрғыны Талас ауданында ұсталды

Автокөлік ұрлаған Тараз тұрғыны Талас ауданында ұсталды

2023 жылдың 24 наурызында түнгі сағат 03:07 шамасында Тараз қаласы Полиция басқармасының «102» арнасына қала тұрғыны хабарласып, белгісіз тұлға ықшам аудандағы үй маңында орналасқан автотұрақтан ақ түсті «Тойота Альфард» автокөлігін айдап кеткені туралы шағымданған. 

Аталған дерек бойынша Жамбыл облысы Полиция департаментімен облыс аумағында бағыттама жасалды.

Бағыттамаға сәйкес Талас аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Қаратау қаласындағы көшелердің бірінде күдікті ретінде  29 жастағы бұрын сотты болған Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Ұсталған азаматтан айғақ зат ретінде ұрланған автокөлік тәркіленді. 

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иемденіп алу, айдап әкету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарға автокөліктерін үй аулаларына, автотұрақтарға қалдырған кезде күзет қызметіне мұқият болуды, қараңғы жерлерде ұзақ уақытқа қоймауды, құжаттар мен құнды заттарды көлік ішіне сақтамауды ескертеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив