Каратэден әлем чемпионы жастарды нашақорлыққа қарсы үндеді

Каратэден әлем чемпионы жастарды нашақорлыққа қарсы үндеді

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті студенттерінің қатысуымен есірткіге қарсы семинарлар өткізу шаралары ұйымдастырылуда. Осыған орай кезекті семинарға су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институтының 500-ден астам білім алушысы қатысты.
Полицейлер есірткі қолданудың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік және есірткі қолданудың жастардың денсаулығына теріс салдарлары туралы мәселелерді талқылады.
Семинар барысында студенттер спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Сондай-ақ, қатысушылар назарына Жамбыл облысының Полиция департаменті Кинологиялық қызметінің қызметтік-іздестіру иттерінің көрнекі көрсетілімдері ұсынылды.
Іс-шараға қонақ ретінде каратэден әлем чемпионы Нұрлан Жұмамұратов арнайы шақырылды. Ол жастарды салауатты өмір салтын ұстануға үндеп, студенттерге спорттың дене және психикалық тұрғыда денсаулықты сақтау мен нығайтудағы пайдасы туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.
- Жастардың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында біз ұдайы профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастырып өткіземіз. Түпкі мақсатымыз-халықтың есірткіге қатысты сауаттылығын арттыру. Оқытушылармен бірлесе отырып, біз өскелең ұрпаққа жақсы тәрбие беріп, еліміздің салауатты болашағын қамтамасыз ететінімізге сенімдімін, - деп атап көрсетті облыс ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив