Петропавл полицейлері бір түнде төрт мас жүргізушіні ұстады

Петропавл полицейлері бір түнде төрт мас жүргізушіні ұстады

(видео: https://youtu.be/RaB1JggdraA) 

Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "Қауіпсіз апта" жедел-алдын алу іс-шарасы режимінде жұмыс істеуде. Жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін нығайту бойынша шаралар күшейтілді. Тексеру барысында 8 ақпанға қараған түні батальон экипаждары көлік құралдарын мас күйінде басқарудың 4 фактісін анықтады. Бөкетов көшесінде, Уәлиханов көшесінде, Панфилов пен Урожайная көшелерінің қиылысында және "Локомотив" саяжай қоғамында "Toyota Prado", "BMW", "Volkswagen" және "ВАЗ 21060" автокөліктері тоқтатылды. Жүргізушілердің үшеуінің жасы 30-ға толмаған, сонымен қатар "Toyota" көлігін басқарған жас жігіт 18 жасқа енді толған.

"Барлық жүргізушілерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы бойынша материалдар жиналды. Оларға 15 тәулік әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл басқару құқығынан айыру қаупі төніп тұр, — деп хабарлайды Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының командирі полиция подполковнигі Қанат Әлімжанов. — Мас күйінде басқару ауыр зардаптары бар ЖКО жасауға әкеп соғады, мұндай фактілерді анықтау және жолын кесу жұмыстары рейдтік, жедел-профилактикалық іс-шаралар мен жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған акциялар шеңберінде тұрақты негізде жүргізіледі". 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/ru/chetvero-netrezvyh-voditelej-za-odnu-noch-zaderzhany-v-petropavlovske/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив