Алматыда сейсмикаға төзімді құрылысқа арналған құрама темірбетон конструкцияларының артықшылықтары талқыланды

Алматыда сейсмикаға төзімді құрылысқа арналған құрама темірбетон конструкцияларының артықшылықтары талқыланды

Алматыда сейсмикалық белсенді өңірлердегі индустриялық құрылыста құрама темірбетон конструкцияларын қолдануға арналған халықаралық форум өткізілді.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ ұйымдастырған халықаралық жиында Қазақстаннан бөлек Германия, АҚШ, Италия, Малайзия, Түркия, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстаның құрылыс саласының сарапшылары бас қосты.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Құлбаев айтқандай, қазіргі экономикалық жағдайда әлеуметтік маңызды нысандар құрылысының қауіпсіздігі мен экологиялық тазалығын қамтамасыз етіп, құрылыс жобаларының сапасын жоғалтпай іске асыруды оңтайландыратын технологиялар жоғары сұраныста. Бұл ретте ұзақмерзімді перспективада құрылыс саласын орнықты дамыту үшін оны реттеудің кешенді тәсілі қажет. Сол арқылы шетелдік инвестицияларды тиімді тартып, озық халықаралық тәжірибені пайдалануға мүмкіндік беріледі.

«Қазір «ҚазҚСҒЗИ» АҚ еліміздегі жаңа Қала құрылыс кодексінің жобасын әзірлеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Аталған заң мемлекеттің, инвесторлардың, құрылыс салушылар мен халықтың мүддесін теп-тең жағдайда сақтап, отандық құрылыс нарығының инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған», деді Б.Құлбаев.

«ТошуйжойЛИТИ» АҚ (Өзбекстан) сейсмикаға төзімді құрылыс бөлімінің меңгерушісі Шамиль Хакимов өз кезегінде құрама темірбетон конструкцияларынан заманауи құрылыс технологияларының артықшылықтарын және оларды ТМД кеңістігінде енгізу бойынша халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін атап өтті. Алайда Ш.Хакимовтің айтуынша, Қазақстан мен Өзбекстан сияқты сейсмикалық белсенді аймақтарда көптеген шетелдік технология мен материалды қауіпсіз пайдаланбас бұрын, олардың «сейсмикалық қауіпсіздігін» арттыру керек.

Көлемді-блокты құрылыстың артықшылықтары туралы айта келе қазақстандық MX-Engineering компаниясының бас директоры Илья Тешев бұл технологияны пайдалану Қазақстан мен ТМД елдерінде тұрғын үй тапшылығы проблемасының шешілуіне септігін тигізе алатынын жеткізді.

Сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі халықаралық сарапшылар қауымдастығының (Қырғызстан) президенті Улугбек Бегалиев өз тарапынан сейсмикалық тәуекелдерді ескере отырып, ТМД елдерінде блоктық құрылыс технологияларын дамытумен айналысуға қабілетті білікті мамандарды даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

Ал The Consulting Engineers Group компаниясының сарапшысы, PhD Ларби Сеньордың пікіріне сүйенсек, АҚШ-та қатаң қауіпсіздік стандарттарын сақтай отырып, технологиялық және өндірістік процесті жеңілдету үрдісі байқалады.

«Менің Қазақстанда байқағаным, мысалы технологиялық күрделі шешімдерді ұнататын Жапонияға қарағанда, мұнда да қарапайымдылыққа ұмтылатыны құптарлықтай. Қарапайым шешімдердің артықшылығы –  нарыққа тікелей ауысудың жеңілдігі және олардың дәстүрлі материалдармен бәсекелесуге мүмкіндік беретін төмен бағалары», Л.Сеньор.

Форум аясында Vollart неміс компаниясының блоктық құрылыс шешімдері саласындағы инновациялық шешімдері және Nordimpianti итальяндық компаниясының азаматтық құрылысқа арналған кешенді элементтік шешімдері ұсынылды.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив