Б. Сұлтанов қалада салынып жатқан ірі құрылыс алаңдарын аралады

Б. Сұлтанов қалада салынып жатқан ірі құрылыс алаңдарын аралады

Қаланы аралау барысында Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов LRT көлік жүйесінің бірқатар жаңа станцияларын, құрама темірбетон арқалықтар шығару бойынша полигон, Есіл өзені арқылы өтетін жаңа көпірді, сондай-ақ Мыңжылдықтар аллеясы құрылысымен танысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Бүгін Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Президенттің тапсырмасы бойынша LRT құрылысының орындалып жатқанын тексеріп шықты. Аралау барысында Б. Сұлтанов салынып жатқан LRT көлік жүйесінің бірқатар жаңа станцияларында болды. Қазіргі таңда құрылысшылар инженерлік желілер мен желі қадалары мен арқалықтарын дайындауда. Жобаны іске асыру барысы туралы Астана қаласының әкіміне «LRT құрылысы жөніндегі дирекция» ЖШС директоры Адильша Ермұханов баяндады. Жоспарға сәйкес, ЛРТ әуежай мен жаңа «Нұрлы жол» теміржол вокзалын байланыстырады. Эстакаданың ұзақтығы 22,4 км, қала бойынша 18 станция және 19 бірлік жылжымалы құрам болады. Анықтама: Құрылыс-монтаж жұмыстарының негізгі жобасы 2017 жылы мамыр айында қытай компаниялары кәсіпорындарының консорциумы күшімен басталған. Осы жылдың 13 қыркүйегінде нысанда мынадай жұмыстар атқарылды: - буронабивті қадалар – 3 764 дана (90% - жоба бойынша барлығы 4 203 дана); - ростверт – 675 дана (61% - жалпы жоба бойынша 1 110 дана); - тіректер және колонналар – 455 дана (41% - жоба бойынша барлығы 1 114 дана); - құрама арқалықтар – 268 дана (34% - жоба бойынша барлығы 782 дана); - депо объектілерінде 3 687 қада қағылды. Қазіргі таңда жылу желілерінің 98% дайын (қайта құрылды) (2,2 км), су құбыры 89% (3,2 км), шаруашылық-тұрмыстық және нөсерлік кәріздің 65% (6,2 км), электрмен жабдықтау желілері 90%-ға (100,3 км), байланыс 97% (165 км) атқарылған. Осы жылы жұмыстар толық аяқталады. Құрылыс нысанының желілерінде шамамен екі жарым мың жұмысшы және 155 бірлік ауыр техника жұмыс жасауда. Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов құрама темірбетон арқалықтар шығару бойынша полигонды, Есіл өзені арқылы өтетін жаңа көпірге барды. Аралау қорытындысы бойынша дирекция кеңсесінде көшпелі отырыс өткізіліп, онда Астана әкімі «ЛРТ құрылысы жобасын көрсетілген мерзімде аяқтауды қамтамасыз етуді» тапсырды. Сондай-ақ, Б. Сұлтановқа Мыңжылдықтар аллеясының (Алматы ауданы) құрылысы бойынша нақты жоспарларды таныстырды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив