Ақтөбе облыстық сотында мемлекеттік және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Төрағасы Әбидолла Биекеновке арналған кітаптың тұсаукесері өтті.

Ақтөбе облыстық сотында мемлекеттік және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Төрағасы Әбидолла Биекеновке арналған кітаптың тұсаукесері өтті.

Ақтөбе облыстық сотында мемлекеттік және қоғамдық қайраткер, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Төрағасы және Ұлы Отан Соғысының ардагері Әбидолла Биекеновке арналған «Ә.Ү.Биекенов. Мемлекеттік және қоғам қайраткері» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

 

Шараға облыстық соттың төрағасы Сәкен Абдолла, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, қалалық соттардың төрағалары мен судьялары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, оқу орындарының өкілдері, атақты заңгерлер мен Әбидолла Биекеновтың туыстары қатысты.

 

Іс-шараны облыстық соттың төрағасы Сәкен Абдолла ашты. Сот төрағасы атап өткендей, бұл басылым отыз бес жас мерзімдегі қысқа ғана ғұмырында сот жүйесінің дамуына зор үлесін қоса білген Әбидолла Үмбетжанұлы Биекенов тұлғасының қалыптасу тарихын баяндайды.

 

Әбидолла Биекенов 1911 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының №19 ауылында дүниеге келген. 1929 жылы темір жол мектебін, Ақтөбе совпартмектебін ал, 1939 жылы КСРО Әділет Наркоматы жанындағы құқық академиясын үздік бітірді. Ұлы Отан соғысына қатысушы, екі Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. 1931-1932 жылдары Шалқар аудандық кәсіподағының хатшысы, содан кейін Шалқар аудандық "Знамя социализма" газеті редакторының орынбасары. 1936-1939 жылдары-Шалқар және Журм аудандарының халық соттарының судьясы, Ақтөбе облыстық сотының судьясы, төрағаның орынбасары. 1939-1942 жылдары Қарағанды облыстық сотының төрағасы, қызметін атқарған, 1942-1945 жылдары ҰОС-дағы І Белорус майданының саяси басқармасының нұсқаушысы болды. 1946 жылы ҚазКСР Жоғарғы Сотының Төрағасы болып сайланды.

 

Іс-шара барысында облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ермек Қанапиев аймақ судьяларының атынан баршаны айтулы шарамен құттықтады. Ол Әбидолла Биекеновты "Қазақстанның сот жүйесінің қалыптасуында жарқын із қалдырған ұлы тұлға, майдангер", - деп сипаттады.

 

Мемлекет және қоғам алдында сіңірген еңбегі үшін 2011 жылы Ә.Биекеновке Ақтөбе облыстық соты ғимаратының алдында мүсін орнатылды.

 

Тұсаукесерге қатысушылар жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында шығарылған кітаптың жоғары деңгейін атап өтіп, кітаптың өз жалғасын табуына тілек білдірді.

 

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив