Түрмедегі адамды ақшаға босатып беруге уәде берген жамбылдық тұрғын ұсталды

Түрмедегі адамды ақшаға босатып беруге уәде берген жамбылдық тұрғын ұсталды

Полиция бөліміне Шу қаласының тұрғыны өтініш білдірді. 57 жастағы әйел бір ер адамның ұлын түрмеден босатуға көмектесуге уәде бергенін айтты. Өз қызметі үшін ол 3 000 000 теңге көлемінде қаражат сұраған, алайда ақшаны алғаннан кейін әртүрлі сылтаулар айтып қашқақтап жүрген. 

Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Шу ауданының полиция қызметкерлері 32 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. 

Істің барлық егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. 

Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив