Тараздық полицейлер мен психологтар студенттермен есірткінің зияны туралы дәріс өткізді

Тараздық полицейлер мен психологтар студенттермен есірткінің зияны туралы дәріс өткізді

Тараз сервис және технология колледжінде «Синтетикалық есірткі мен дәріханалық нашақорлықтың зияны» тақырыбында дәріс өткізілді. Онда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, психологтар спикерлер ретінде сөз сөйледі.

Іс-шара барысында студенттерге нашақорлық дертінің алдын алу, есірткіні тұтыну мен таратудың құқықтық аспектілері, пайда болу тарихы әртүрлі есірткі заттарын қолданудың қаншалықты зиянды екендігі турасында айтылды.

Кездесуге қатысушыларға есірткіге қарсы бағыттағы бейнематериалдар көрсетілді. Сондай-ақ кездесу барысында Қазақстан заңнамасында көзделген есірткі құралдарының, психоактивті заттардың және олардың аналогтарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны туралы  ақпарат берілді.

- Жамбылдық полицейлер жастар арасында алдын алу жұмыстарын жүргізіп, жастарды есірткі сатушылардың қылмыстық ықпалына қарсы тұруға шақырады. Кез-келген кезеңде масаң күйге ендіретін заттарды қолдану ауыр зардаптарға әкеледі. Бүгінгі таңда біздің әрқайсымыз есірткінің таралуына қарсы күресте белсенді азаматтық ұстаным танытуға дайын болуымыз маңызды. Сонымен қатар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз, - деп атап өтті Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив