СҚО Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына тұрғын үйді бөлу саласы кірді

СҚО Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына тұрғын үйді бөлу саласы кірді

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде азаматша С.Д. Старостинаға жалдамалы пәтердің уақытылы ұсынылмау фактісін мәлімдеу кезінде хабарлады.

Департаментке 2022 жылдың төртінші тоқсаны ішінде келіп түскен шағымдар мен өтініштердің мониторингі әртүрлі әлеуметтік санаттағы азаматтардың тұрғын үй алу кезінде бірқатар проблемаларға тап болатындығы белгілі болды.

«Азаматша Старостинаның материалдарын қарау барысында, тұрғын үй комиссиясы отырысының 2021 жылғы 6 тамыздағы хаттамасына сәйкес, оған тұрғын үй берілгендігі, алайда ТКШ бөлімі Комиссияның қорытынды шешімін алушыға жеткізбегендігі анықталды», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет араласқаннан кейін арызданушыға заңды түрде берілген пәтердің кілті табысталды.

Айта кетейік, мұндай жағдай 2022 жылы да тіркелген. Ол кезде «Алтын Алқа» алқасымен және аттас орденмен марапатталған Батыр ана құқығы қалпына келтірілді.

Бұған дейін облыстың Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына ауыл шаруашылығы, жолдар мен инфрақұрылым, экономика және қаржы сияқты салалар енген болатын.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив