Шағын футболдан спартакиада өтті

Шағын футболдан спартакиада өтті

«Судья және сот қызметкері күні» мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы соты шағын футболдан спартакиада ұйымдастырды.

Спартакиада «SAIRAN Arena» спорт кешенінде өтті. Оның құрамына елордадағы соттардың, прокуратураның, әкімдіктің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің, Полиция департаментінің және Экономикалық тергеу департаментінің өкілдерінен құралған 6 команда қатысты. 

Спартакиаданың ашылу салтанатында Нұр-Сұлтан қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхан Шайхисламов құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.

Сайыс қорытындысы бойынша үшінші орынды 6:2 есеппен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің құрама командасы иеленіп, қола медаль табыс  етілді.

Екінші орынды Полиция департаментінің құрама командасы иеленді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің командасы шағын футболдан чемпион атанды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті құрама командасының мүшесі Рыспек Күлдіков  үздік қақпашы деп танылды.

Үздік қорғаушы номинациясына әкімдік командасының мүшесі Кенжеболат Лембаев ие болды.

Қазылар алқасымен үздік ойыншы ретінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті құраманың мүшесі Жанкаир Искужин танылды.

Полиция департаменті командасының ойыншысы Ерлан Омаров үздік шабуылшы деп танылды.

Спартакиаданың жеңімпаздары мен белсенділік танытқан қатысушылар кубоктар мен дипломдарға ие болды.

Шағын футбол турнирі жанкүйерлердің, төрешілер мен мамандардың қолдауымен өте қызықты өтті.

 

Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив