Алименттік  міндеттер

Алименттік міндеттер

Мемлекет басшысы 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Президент өз сөзінде балаларға ерекше назар аудару қажеттілігін айтып, балаларды қорғау мәселесін қолға алуды тапсырды.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен мүдделерін  қорғауға қатысты істерді Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайды.

Соңғы уақытта сотқа тапсырылған арыздардың басым бөлігі алимент өндіру, сондай-ақ өндірілген алимент мөлшерін азайтуды құрап отыр.

Жалпы балалардың мүдделеріне қатысты қоғамда көп талқыланатын мәселелердің бірі алименттік міндеттердің орындалуымен байланысты.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің  19 тарауы ата-аналар мен балалардың алименттік міндеттемелерін айқындайтын заң нормаларын қамтиды. Заң нормаларына сәйкес ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті.

Ата-ана арасында балаға қатысты міндеттемелер реттелмеген жағдайда алименттік төлемдермен байланысты  мәселелер сот арқылы шешіледі.

 Алимент мөлшерін өзгерту және алимент  төлеуден босату нормасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 175 бабында көрсетілген.

Алимент мөлшерін азайту туралы арызда ата-ана көбіне алиментке ұсталған қалған қаражаттың күнкөріске жетпейтіндігін, банк алдындағы мінддеттемелердің бар болуын және екінші отбасында туылған балаға да тиісті қаражаттың бөлінуін алға тартады. Осы орайда, материалдық жағдайы туралы жалған ақпарат ұсына отырып, алимент мөлшерін азайтуды сұрау фактілерінің де орын алып жататын айту қажет. Бұл баланың алдындағы міндеттемеден жалтарудың бір көрінісі болып табылады.  

Баланы күтіп-бағуға бағытталған ата-ана міндеті тең және ол олардың тұрақты кірісімен байланысты емес. Бұл міндет Ата заңның 27 бабында да айтылған. Яғни, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi саналады.

Демек,  ата-ананың материалдық жағдайы ортақ баланы күтіп-бағу қажеттілігіне шектеу болмайды және ол алимент мөлшерін азайтуға айтарлықтай негіз болып табылмайды деуге болады.

Алимент төлеуден жалтарған күннің өзінде алименттік төлем бойынша қарыз жоққа шығарылмайды және ол бала кәмелетке толған күнде де толық көлемде өтелуге жатады. 

Одан бөлек, алимент төлеуден себеп-салдарсыз жалтару заңмен қудаланады.   

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабына сәйкес, сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау әкімшілік жауаптылық арқалауға алып келеді. Бұл норма бойынша жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қарастырылған.

Сонымен қатар, ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамауы қылмыстық жауаптылықты көздейді.

Қылмыстық кодекстің 139-бабы негізінде осы әрекеттер үшін сотталушы алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылуы не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектелуі не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.

Алименттен жалтарудың салдары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 75-бабы негізінде ата-ана құқығынан айыруға да алып келетін ескерген абзал.  Себебі, алименттік міндеттерді орындаудан жалтару заң нормасы аясында көзделген  негізді себептердің бірі ретінде қарастырылады.

 Алайда ата-ана құқығынан айыру да ата-аналарды баланың алдындағы міндеттерін орындаудан босатпайды.

 Ата-ананың бірінің қолында қалған сәбидің тәрбиесіне қатысты жауапкершілік артпаса да алименттік төлемдер арқылы балаға қамқорлық жасау ата-ананың басты міндеті екенін әсте естен шығармаған абзал.   

Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз хатшысы

Ботагоз Баянова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

12 пікір

  1. аватар
    Kenny 13 октября 2023 16:53

    For most up-to-date news you have to pay a quick visit internet and
    on world-wide-web I found this website as
    a best web page for newest updates.

    My homepage ... Sally

  2. аватар
    Angeles 28 декабря 2023 16:29

    Fantastic goods from you, man. I've understand your stuff previous to
    and you are just extremely magnificent. I really like what you've acquired here,
    really like what you are stating and the way in which you say it.
    You make it entertaining and you still care for to
    keep it smart. I can not wait to read much more from you.
    This is really a terrific web site.

    Here is my page ... znajdź actoplus-met bez konieczności recepty w
    Warszawie

  3. аватар
    Jillian 26 апреля 2024 23:13

    Howdy I am so excited I found your blog, I really found you by
    accident, while I was browsing on Google for something else, Anyhow I am here
    now and would just like to say thanks a lot
    for a remarkable post and a all round entertaining blog (I also love
    the theme/design), I don't have time to look over it all at the
    minute but I have saved it and also added your RSS feeds, so when I have time I will be back to read more, Please do keep up the
    superb work.

    Here is my website ... турист Үндістанда
    не сатып ала алады

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив