Есептегі сотталғандар жәрмеңкеден жұмыс тапты

Есептегі сотталғандар жәрмеңкеден жұмыс тапты

Қазалы ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені  аудандық прокуратура мен  халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырды. Алты жұмыс беруші мекеменің 20-дан астам бос жұмыс орны ұсынылды. 

Іс-шараға  пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз он сотталған  қатысып, кеңес алып, екі  азаматқа жұмысқа орналасуға жолдама берілді.

–Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде мамандардан кеңес алып, «СПК Қызылорда Балык» ЖШС-ге жұмысшы ретінде жолдама алдым.  Қыс мезгілінде жұмыс табу да қиын. Адал еңбегіммен отбасымды асырауыма мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін, -деді есептегі сотталған.

 «Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру олардың құқық бұзушылықтармен  қайта қылмыс жасауларының алдын алу шараларының бірі болып табылады. Жыл басынан  пробация есебіндегі 10 азамат  тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ жеке кәсіп ашсам деген ниеттенген үш азамат «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір айлық «Кәсіпкерлік негіздері» курсын оқып,  тест тапсырып, сертификатын алды. Қазіргі таңда бизнес жобасын жасап жатыр. Мал шаруашылығымен айналысуға ниетті»,-деді аудандық пробация қызметінің  бастығы  әділет подполковнигі Ербол Сражатов. 

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив