Сотталғандар жұмысқа орналасты

Сотталғандар жұмысқа орналасты

     Сырдария аудандық пробация қызметі есепте тұрған азаматтардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын-алу, әлеуметтік көмек көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Бүгін аудандық пробация қызметі есепте тұрған сотталғандарды аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде өткен жәрмеңкеге қатыстырды. Бос жұмыс орындарының қорытындысымен, есептегі бес азамат квота бойынша  жұмысқа орналасты. Олар «Углесбыт» ЖШС, «Омарова» ЖК, «Мәді-Қажы» ЖШС, «Жәрдем» ЖШС мекемелеріне жұмысшы ретінде жолдама алды.

 «Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру олардың құқық бұзушылықтармен  қайта қылмыс жасауларының алдын алу шараларының бірі болып табылады. Пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Сырдария ауданы әкімдігінің қаулысымен жұмыс орындарының квотасы бекітілген. Бүгінгі бес  азамат жұмысқа орналастырылды. Жалпы аудандық пробация қызметінің есебінде 41азамат есепте тұр. Соның ішінде  5 азамат жеке кәсібін ашқан. Оның бірі мал шаруашылығымен айналысса, бірі май құю бекетін ашып, кәсібін одан әрі  дөңгелетіп отыр»,- деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны  А.Сақыбеков.   

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив